Тұлға әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде


«Мен-тұжырымдамасының» құрылымы



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі25,28 Kb.
#119756
1   2   3
Байланысты:
әлеуметтік 4

«Мен-тұжырымдамасының» құрылымы


Өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі бағалаудың пәні болып оның денесі, қабілеттері, әлеуметтік қатынастары және көптеген басқа жекелік өзін-өзі көрсетулері болуы мүмкін. «Мен-тұжырымдамасының» негізінде адам басқалармен және өз-өзімен өзара байланыс құрады.
«Мен-тұжырымдамасы» адамның дамуы барысыда үш процесстің жиынтығы ретінде туындайды: өзін-өзі қабылдау (өзінің эмоцияларын, сезімдерін, түйсінулерін, елестетулерін және т.б.), өзін-өзі бақылау (сырт келбетін, іс-әрекетін) және өзіндік талдау (өз ойларын, әрекеттерін, басқа адамдармен өзара қарым-қатынас және олармен салыстыру)
Мен құрылымының біркелкі еместігін алғышқы ажыратқандардың бірі Уильям Джеймс болды. Ол процесс және нәтиже қалай ажыратылатын болса, рефлексивті (познающее) және эмпирикалық (познаваемое) «Менді» солай ажыратуды ұсынды
 «Мен-тұжырымдамасы» өзіне төмендегідей компоненттерді кірістіреді:
Когнитивті – өзінің сапалары, қабілеттері, сырт келбеті, қоғамдағы орны және т.б. бейнелері
Эмоционалды – өзін-өзі сыйлау, өзін жақсы көру, өзін-өзі төмендету және т.б.
Ерікті- бағалық – өзіндік бағалауын көтеруге ұмтылу, құрметке ие болу
«Мен-тұжырымдамасы» – қоғамдық өзара байланыстың алғышарты және салдары, қоғамдық тәжірибемен анықталады. Оның құрамына кіреді:
1) физиқалық мен – өзіндік денесінің схемасы;
2) шынайы мен – осы шақтағы өзі туралы түсінік ;
3) динамикалық мен – субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті ;
4) әлеуметтік мен – әлеуметтік интеграция сферасымен байланысты: жыныстық, этникалық, азаматтық, рөлдік және т.б.;
5) экзистенциалды мен – өлім мен өмір аспектісінде өзін бағалауы;
6) идеалды мен – өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі;
7) фантастикалық мен – егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы
Жасөспірімдік кезеңнің маңызды психологиялық үдерісі – өзіндік сана-сезімнің және өзіндік «Менінің», өз тұлғасының тұрақты образының қалыптасуы. Өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы бірнеше бағытта жүзеге асады:
1) өзінің ішкі әлемін ашу; 
2) уақыттың қайтымсыздығы туралы түсініктің пайда болуы, өзінің тіршілігінің шектеулілігін түсіну. Дәл сол өлімнен қашып құтыла алмайтынын түсіну адамды шынымен өмірдің мәні жайлы, болашағы, мақсаттары мен перспективалары жайлы ойлануға мәжбүрлейді.
3) өзі, өзіне қатынасы жайлы біртұтас елестеулер қалыптасады, алдымен өзінің денесі, сырт келбеті, тартымдылығы сезіледі және бағаланады, содан кейін ғана моралды – психологиялық жағы ескеріледі.
4) сексуалды сезімталдыққа қатынас қалыптасып және сезіле бастайды. Жасөспірімдік сексуалдылық ересек адамның сексуалдылығынан басқаша болады. Ішкі түсіністік пен сексуалдық тілекке деген қажеттілік көп жағдайда сай келмейді және әр түрлі объектілерге бағытталған болуы мүмкін .
Жасөспірім өз санасында құрастыратын «Мен» образдары әр түрлі – олар оның барлық өмір байлығын бейнелейді. Физикалық «Мен» өзінің сыртқы сүйкімділігі туралы, өзінің ақылы туралы әр түрлі саладағы қабілеттері туралы, мінез күші, қарым-қатынасшылдығы, мейірімділігі және басқа да қасиеттері туралы көзқарастары бір-бірімен қосылып, «Мен-тұжырымдамасының» үлкен негізін – шынайы «Менді» қалыптастырады.
Өзін, өзінің әртүрлі қасиеттерін тану «Мен-тұжырымдамасының» когнитивтік компонентін құруға әкеледі. Онымен тағы екеуі байланысты – бағалауыш және жүріс-тұрыстық. Жасөспірім үшін ол шынында қандай екендігін білу ғана емес, сонымен қатар оның индивидуалды ерекшеліктері қаншалықты маңызды екендігін білу де өте маңызды.
Жасөспірімнің «Мен-тұжырымдамасына» әлем туралы және өзі жайында, ересек адамның ішкі ұстанымы өзін қалыптастырудағы ұғымы бір мағыналық жүйе сияқты өзін-өзі анықтауға кіреді. Бұл ішкі ұстанымдар жасөспірім өзінің бұрынғы өткен тәжірибесі негізінде өзінің мүмкіндіктерін, өзінің ерте жаста пайда болған қажеттіліктеріне қатысты өмірде, нақ осы өмірде қандай жағдайда немен айналысқысы келетіні кіреді. Мұндай ішкі ұстаным жасөспірімнің «Мен-тұжырымдамасын» жаңадан қалыптастырады, оның іс-әрекетке деген қоршаған ортаға қарым-қатынасы себепші болып, қоғамда болашақ орнын қалауға, өмірлік жоспарын немесе өмірлік бағдарламасын құрады.
Жасөспірім жасының соңында жастықпен шекарасында өзі туралы көрініс тұрақталанып, «Мен-тұжырымдамасының» тұтас жүйесін қалыптастырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет