Тұңғыш Елбасының «Жаңа гуманитарлық білім: 100 Жаңа
оқулық» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақ тіліне аударылған
Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің 2014ж «Әлеуметтік психология» еңбегінен
үзінді келтірейік: Әлеуметтік институттар (мектептер, үкімет, БАҚ,
отбасылар) сегрегация немесе статус-квоны баяу нығайту сияқты ашық
саясат арқылы біржақты түсінікті нығайтуы мүмкінділігі айтыла келіп,
оқулықтан мынадай қорытындылар шығаруға болады.
•
Әлеуметтік жағдай біржақты түсініктің
қалыптасуына және оның таралуына бірнеше жолмен
әсер етеді.
•
Балаларға берген тәрбие де түрлі жолдармен
біржақты түсініктің таралуына әсер етуі немесе азайтуы
мүмкін. Отбасы, діни қауымдар, басқа да қоғамдық орта
біржақты түсініктің деңгейін арттыра да, азайта да
алады.
•
Әлеуметтік институттар (мектептер, үкімет, БАҚ)
да кейде ашық саясат арқылы кейде кездейсоқ инерция
арқылы біржақты түсінікті қолдайды.
Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік
институттармен байланыс жасаудың маңыздылығы
анық.
• Біздің жұмысымыздың бірінші тарауында біз бастауыш мектеп
жасындағы балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары
ұсынылып қарастырылды.
• Бастауыш сынып оқушыларын білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік
тәрбие мәселесіне теориялық талдау жүргізілді.
• Отандық және шетелдік әдебиеттерімізді талдай отырып адамның
әлеуметтік білімі оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып,
белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада жүзеге асырылатындығын көрсетті.
Әлеуметтік мәдени даму өзінің ең жалпы формасында әлеуметтік мәні
бар құндылықтарды, көзқарастарды, идеяларды, мінез-құлық пен қарым-
қатынас тәсілдерін, әлеуметтік маңызды қасиеттерді дамытуға
бағытталған үрдіс ретінде сипатталатынын анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: