1-інші бала – бала туылғанда, барлық комфорт пен назар осы балада болады. Кейін екінші бала дүниеге келгенде ол барлық назар тек өзінде емес екенін түсініп, қарсылық білдіруі мүмкін. Яғни комфорт пен өзіне деген назарды бөліскісі келмейді, сол себепті көбіне 1інші балалар лидерлікке жақын, әрі өзін изоляцияда ұстауға тырысады
Жалғыз бала- балалық шақтан бастап ешқандай ата-ана назары үшін «күресте» болмағаны үшін эгоцентризмді және өз құрдастарымен қарым-қатынас құрауы қиын болып келеді деген.
2-інші бала- туылғаннан бастап, алдындағы сиблингінен (аға/әпкесі) бірінші, алдыда болуына талпынады. Мысалы –інші бала бірінші балаға қарағанда бірінші сөйлеуі, жүруі мүмкін. 2-інші балалар көбіне мықты қарсылас болып өседі.
Кенже бала – ол туылғанда тек ата-ананың ғана емес, сиблингтарының қамқоршылығы мен мейріміне бөленеді. Сонымен қатар, 1-інші баланың өз сиблингтарына деген билігі өседі және бұл кенже баланың барлық сиблингтарынан озып кетуіне мотивация болады