Психологияның негізі ежелгі гректер мен римдіктерден басталады.Бұдан 2000ж бұрын философтар қазіргі психологтарға қиындық тудырып жатқан негізгі мәселелермен айналысқан.Психология ғылымының одан әрі дамуы 1897ж В.Вундттың экперименталды лабаратория ашуымен тікелей байланысты болды.Бүгінгі күндегі психология ғылымының негізгі мақсаты- неге адамдар өздерін қазіргідей емес, басқалай ұстамайды деген сұраққа ғылыми тұрғыдан жауап беру.
Тұлға туралы түсінік Көптеген психология салаларының ішінде тұлға психологиясы кеңінен тараған.Жеке тұлғаны зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылым саласы-персонология деп аталады.Жеке тұлғаны зерттеу үшін,оны түсіндіру үшін көптеген зерттеу әдістері қолданылады.Мысалы:интервью,тест,бақылау,физиологиялық реакцияларды өлшеу,биографиялық және жеке құжаттар анализі т.б. Жеке тұлға зерттеу объектісі болуымен қатар ,тұлғаны сипаттайтын эмоция,мотивация,ойлау,уайымдау,қабылдау секілді абстракті түсініктерді де қамтиды.
“
Тұлға дегеніміз не?Альтернативті жауаптар
Карл Роджерс “Тұлға-өмір сүрудің негізін қалайтын, бейімделген,көпжылдық,субъективті тіршілік”
Гордон Олпорт “Тұлға-қоршаған ортамен тікелей байланыс жасайтын ішкі зат”