БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Персонологтар адамдар туралы ақпарат жинау барысында әр түрлі бағалау әдістерін қолданады.
Тұлғаны бағалаудың үш бағыты бар: сұхбат, тұлғалық сауалнама,проективті әдістер.
Проективті әдістердің әр түрлі түрлері бар. Линдсей оларды келесі бес санатқа бөледі
1.Ассоциативті әдістер. Мысалдар:«Тест словесных ассоциаций Меннингера» ,«Тест чернильных пятен» Роршаха
2. Конструктивті әдістер. Мысалы, «Тақырыптық апперсепция»тесті.
3. Аяқтау әдістері .Аяқтау әдістеріне «Розенцвейгтің сурет фрустрациясы» мен «Роттердің аяқталмаған сөйлемдер»тесті .
4. Экспрессивті әдістер. Мысалы, «Адамның суретін сал» К.Маховер тесті.
5. Іріктеу, немесе тарату тәсілдері.
"Психодинамикалық" термині жеке тұлғаның түрлі аспектілері арасындағы яғни инстинк, ақыл ой, сананың тоқтаусыз күресі ретінде көрсетеді. Психоанализ жеке басының бұзылуын терапиялау әдісі Сананың деңгейі: топографиялық модель
Психоанализ дамуының ұзақ кезеңінде Фрейд тұлғалық ұйымның топографиялық моделін қолданды. Осы модельге сәйкес, психикалық өмірде үш деңгейден ажыратуға болады: сана, саналы және бейсаналық. Оларды біріктіре қарастыра отырып, Фрейд осы "психикалық картаны" пайдаланып, ойлар мен қиялдар сияқты психикалық құбылыстардың сезіну дәрежесін көрсетті.
Сана Сана деңгейі қазіргі сәтте сезінетін сезімдер мен күйзелістерден тұрады. Мысалы, қазір сіздің санаңыз осы мәтінді жазған авторлардың ойларын қамтуы мүмкін. Фрейд психикалық өмірдің елеусіз бөлігі ғана (ой, қабылдау, сезім, есте сақтау) санаға кіреді деп талап етті. Сонымен қатар, белгілі бір мазмұн қысқа уақыт аралығында ғана жүзеге асады, содан кейін адамның зейіні басқа сигналдарға ауысқан сайын санасыздық немесе бейсаналық деңгейге тез сіңеді. Сана мида сақталатын барлық ақпараттың тек аз пайызын ғана қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |