Рэймонд Бернард Кеттел 1905 жылы Англияда, Стаффордширда дүниеге келген. 16 жасында Лондон университетінің Королдық колледжіне түседі, онда химия және физика басты оқытылады. Оқуды аяқтап, үздік диплом алуға бірнеше айлар ғана қалғанда Кеттел өзінің физика ғылымдары бойынша алған кәсіби білімінің оны әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылықтарын қанағаттандырмайтындығын түсінеді. Содан ол өзін карьерасын психологияға арнайды
Реймон Бернад Кеттел Олпорт сияқты тұлғалық жеке қасиеттер (черт) тұлға құрылымының ядросын , яғни өзегін құрайды деп санаған және олар адамның нақты жағдайдағы жасайтын іс-әрекетіне жауап береді деген. Кеттелдің жеке тұлға теориясының құрылымына көптеген белгілер кіреді.
Рэймонд Бернард Кеттел (1905-1998 Олар осы белгілердің тұқымқуалаушылық және қоршаған орта әсерімен байланыстылығын, сонымен қатар, генетикалық фактор мен қоршаған орта факторларының өзара байланыстыра отырып, мінез – құлыққа әсер етуін құрайтынын көрсетеді . Кеттел бойынша тұлғаның дамуы мен қызметі теориясы дәл өлшеулер мен зерттеу әдістері арқылы жасалуы тиіс. Оның тұлғаны зерттеу әдістері – мультивариативті статистика мен факторлы талдау болып табылады
«Тұлға» Кеттел теориясы бойынша
Кеттел адамның ситуациядағы мінез- құлқын алдын – ала анықтау үшін, тұлғааралық белгілерімен қатар, сол сәттегі тұлғаның көңіл күйі, ситуациядағы маңызды әлеуметтік рөлі сияқты айнымалылықтарды да білуі керек. Сонымен қатар берілген ситуация үшін әр тұлғалық белгіні маңыздылығына қарай да орналастыра алу қажет. Мысалы тұлға эмоционалды қоздыратындай жағдайға тап болса, оның жауап реакциясын алдын – ала анықтауды үйрену белгісін жоғары қою керек. Кеттел спецификация теңдігі формуласы арқылы адамның мінез – құлық формуласын алдын – ала болжап анықтауға болады деді.
Кеттелдің тұлғалық концепциясы - өзі анықтаған тұлғалық белгілердің типтерін сипаттауболып табылады. Тұлға белгілерінің әртүрлі уақыттағы түрлі ситуацияға белгілі бір образда жауап беру тенденциялары болады. Осы тенденциялардың әрекет спекторы үлкен болады. Кеттел факторлық талдау жүргізу арқылы тұлға белгілерін жіктеуге болады деді.