Тұлға теориясы Л. Хьелл & Д. Зиглер


Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері



бет21/36
Дата12.10.2023
өлшемі5,11 Mb.
#185027
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Тұлға теориясы Зиглер бойынша

Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері.

Айзенк теориясының ең қызықты астары тұлғаның әрбір үш суперсипаты немесе типі үшін нейрофизиологиялық негізін салуы болып табылады. Электроэнцефалографиялық зерттеулер көрсеткендей, интроверсия типі қыртысты белсенділік деңгейімен байланысты. Айзенк «белсенділік» терминін төменгі экстремумнан (мысалы, ұйқы) жоғары экстремумға (мысалы, дүрбелең жағдайы)дейін өзгеріп отыратын қозғыштық деңгейін анықтау үшін пайдаланады. Оның ойынша, интроветтер өте қозғыш, түсіп жатқан тітіркендіргіштерге өте сезімтал, сондықтан да, олар өздеріне күшті әсер ететін жағдайлардан қашып отырады. Керісінше, экстрпверттердің қозғыштығы төмен және түсіп жатқан тітіркендіргіштерге мезімтал емес, сондықтан да олар өздерін қоздыратын жағдайларды әркез іздеп, түсіп отырады. Айзенктің түсіндіруі бойынша, тұрақтылық – нейротизм типінің жекелік ерекшеліктері автономды жүйке жүйесінің реакциясы күшін бейнелейді. Ол бұл типті лимбиялық жүйемен байланыстырады, бұл жүйе адамның эмоционалды мінез – құлқы мен мотивациясына әсер етеді. Нейротизм деңгейі жоғары адамдар тұрақты типті адамдармен салыстырғанда дағдылы емес қозғыштық пен мазасызданушылыққа шапшаң жауап береді. Психотизм негіздерін анықтайтын зерттеулер әлі де жалғасуда. Айзенктің еңбектеріндегі болжам бойынша бұл тип өнімдік андрогендер жүйесімен байланысты (ішкі секреция бездерінен шығатын химиялық заттар қанға түсу арқылы ер адамның жыныстық белгілерінің даму мен сақталуын реттейді). Жыныстық гормондар мен психотизмнің арасында байланыстың бар екендігі жөніндегі Айзенк болжамын растайтын бұл саладағы эмпирикалық зерттеулер өте аз. Экстраверттер мен интроверттердің арасындағы эмпирикалық дәлелденген айырмашылықтар төменде көрсетілген.


Ганс Юрген Айзенк

Интроверттер жұмыстың теориялық және ғылыми түрін қалайды (мысалы, инженерия және химия), ал экстраверттер адамдармен байланысты жұмыстарға қабілетті (мысалы, сауда, әлуметтік қызмет, психолог). Интроверттер мастурбациямен айналысса, ал экстраверттер ерте жастан бастап жиынтық қарым – қатынасқа түседі. Интроверттер таңертең өздерін жақсы сезінсе, ал экстраверттер кеште өздерін жақсы сезінеді. Интроверттер жұсмысты таңертең белсенді жасаса, ал экстраверттер күннің екінші жартысында белсенді болады. Интроверттер мен экстроверттердің ең негізгі айырмашылығы тітіркендіргіштерге сезімталдығынан көрінеді. Бұл айырмашылық «Лимон тамшысы тесті» көмегімен анықталады. Егер адамның тіліне 4 тамшы лимон шырынын тамызса интроверттер экстраверттерге қарағанда сөлді екі есе көп шығарады. Бұл қызықты құбылыстың негізі интроверттер мен экстроверттердің физиологиялық қызметі мүмкіндіктермен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет