Тұлғалық ынталандыру принципі



Дата27.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#56576
?

1.

2. Тұлғалық ынталандыру принципі

Мұғалімнің, оқушының әрбір іс-әрекетін ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім жұмысқа ерекше ыждахатпен істейді,табысты еңбек етуге тырысады.



Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден бір құралы.

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ

- ауызша алғыс жариялау;

- еңбек кітапшасына ендірлетіндей жазбаша түрде алғыс жариялау;

- алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдармен марапаттау;

- бағалы сыйлықтар беру;

- ақшалай сыйлықтар беру;

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамотасы, төс белгілерімен марапаттау;

- демалуға тегін, жеңілдетілген жолдамалар беру және т.б



?

1. Педагогикалық менеджменттің әдіснамалық негіздері.







2. А.И.Субетто бойынша сапа аспектілері

«Сапа» – бұл нысандар мен үрдістердің тиімділігі, құндылығы, олардың

нақты мақсаттарды, нормаларды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе

бейімділігі, яғни талаптарға, қажеттіліктерге және нормаға сәйкес немесе дәл

болуы. «Сапа» ұғымы «қалай», «қандай» сөздерінен туындаған, қандай

ерекшеліктерге ие деген мағынаны білдіреді. Сапа – жалпы ғылыми санат, оны

әртүрлі саланың мамандары қолданады. Сапа – берілген стандарттарға сәйкес

еңбек нәтижесі. Білім беру саласындағы сапа – білім беру саласының «өнімі»,

яғни оқушының білімі, білігі және дағдыларының қалыптасу деңгейі.

А.И. Субетто бұл түсініктің барлық аспектілері сипаттаманың бірлігі мен

бірін-бірі толықтырулары арқылы ғана «сапа» ұғымының нақты мәнін

көпсалалы, пәнаралық құбылыс ретінде бағалауға болады деген қорытынды

жасады. Өйткені сапа дегеніміз:

- ерекшеліктердің жиынтығы (ерекшелік аспектілері);

- сапа құрылымды болады; нысан бөліктерінің немесе үдерістердің ерекшеліктер жүйесі де сапа (құрылымдылық аспектісі);

- сапа нысанның немесе үдерістің құрамдас бөліктерінің, элементтерінің бір-бірімен байланыс заңдылығынан көрініс табатын нақты анықтылығы, ішкі дүниесі (анықтылық, белгілілік аспектісі);

- сапа – нысан немесе үдерістің тіршілік үшін күресінің негізі; ол сапаның белгілі бір уақыттағы немесе сол сәттегі жүйелері арқылы ашылатын не анықталатын екі жақты шарттан (келісімнен) тұрады, олар: ерекшелік, құрылым, жүйе, шекара, біртұтастық, өзгермелілік, мөлшер (ішкі-сыртқы

шарттастық аспектісі);

- сапа нысанының немесе үдерістің жекелігін, оның өзгешелігін, тұтастығын, реттілігін, тұрақтылығын ескертеді (өзгешелік аспектісі);

- адамның қолымен жасалатын нысандардың немесе үдерістердің сапасы, табиғаттың басқа құбылыстарының сапасына қарағанда құндылыққа ие, нақты айтқанда сәйкес келетін нысандар мен үдерістердің құндылығын (құндылықтар теориясы) ескертеді, яғни, олардың адамның алдына қойған нақты мақсаттарына, міндеттеріне, жағдайларына жарамдылығы мен сәйкестігі.


?
1. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттестігі стильдері

Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.

Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:

-мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;

-оқушылардың назарын аудару және  оқылатын материалмен қызықтырып әкету;

-оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін  есепке алу,сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;

-адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;

-ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;

-оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;

-өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;

-«еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен,сөйлеумен;

-Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін,сенімділікті және істі көрсете білу;

-өз сабақтарын түрлендіре білу.

2. Педагогикалық қақтығыстарды басқару ерекшеліктері.

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі. Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн. Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін атауға болады: «тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар, басшы-бағынушылар» арасындағы қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.



Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады. Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері объектив және субъектив түрде кездеседі.

Объектив себептер:

  • Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;

  • «Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;

  • «Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;

  • Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;

  • Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т.б.

Субъектив себептер:

  • Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т.б;

  • Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т.б.);

  • Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет