ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)



© 2018 Al-Farabi Kazakh National University 
ҒТАМР 15.21.51
Ерментаева А.Р.
психология ғылымдарының докторы, профессор, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
Қазақстан, Астана қ., e-mail: erasem@mail.ru
ТҰЛҒАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНДЕГІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰН 
Қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында адамның бәсекеге қабілеттілігін 
зерттеу және дамыту психология ғылымдары үшін өзекті мәселе болуда. Осыған орай, бәсекелес 
мінез-құлықты зерттеуге және тұлғаның позитивті бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ғылыми-
әдіснамалық бағдар ретінде болу үшін бәсекеге қабілеттіліктің психологиялық мазмұнға қатысты 
теориялық негіздеме ұсынылады. 
Мақалада ықпалдасқан тұлғалық құрылым ретіндегі бәсекеге қабілеттіліктің көпжақты 
анықтамалары мен мәндік сипаттамалары шетелдік зерттеулер негізінде қарастырылады және 
талданады. Эмпирикалық деректер негізінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілік мазмұнындағы 
позитивті сипаттамалар ретінде табыстылық, оңтайлы қарым-қатынас жасау, стреске 
тұрақтылық анықталады. Сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілік мазмұнына агрессиялық, невротизм, 
депрессия, өшпенділік, әлеуметтік бейімсіздік сияқты басқа да бірқатар жағымсыз сипаттамалар 
қамтылатыны қарастырылады. Бәсекеге әсіре қабілеттілік құбылысы тұлғаның басқалардан 
артық болуға ұмтылысы; тұлғаның құрылымындағы бәсекеге қабілеттілік сипаттарының 
акцентуациясы; бәсекелес мінез-құлықтың дамуындағы теріс салдар ретінде анықталады. Тұлғада 
жоғары деңгейде, тұрақты және қарқынды түрде бәсекеге қабілеттіліктің дамуы маскулиндік 
негізде болатыны туралы деректер келтірілген. Сондай-ақ, феминдік ерекшеліктер бәсекеге 
қабілеттіліктің әлеуметтік-психологиялық бейімсіздікпен, аффектілікпен, эпизодты болумен 
және даму деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысын анықтайды. Бәсекелес мінез-құлықтың 
типтері сипатталған; CW және CE бағдарлардың ерекшеліктері тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің 
формалары ретінде дәйектелген. Психологиялық мазмұнды талдау және негіздеу арқылы 
тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін позитивті дамытуға ғылыми-психологиялық, педагогикалық 
алғышарттардың жеткілікті екеніне қорытынды жасалды.
Түйін сөздер: 
бәсекеге қабілеттілік, тұлға, даму, бәсекеге әсіре қабілеттілік, гендерлік 
өзгешеліктер, CW бағдарлы бәсекелес мінез-құлық, СЕ формасындағы бәсекеге қабілеттілік.
Yermentayeva A.R.
doctor of psychological sciences, professor,
L.N. Gumilyov Eurasian National University,
Kazakhstan, Astana, e-mail: erasem@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет