ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)

Бәсекеге қабілеттіліктің гендерлік ерекше­
ліктері. 
Бүкіл әлемде ер адамдар әйелдермен 
салыстырғанда әлдеқайда жоғары табысты 
қызметтер атқарады; жоғары лауазымдарға ие. 
Ал, басшылықта көбінесе ер адамдар да, мек
-
тепте, мысалы бастауышта әйел-педагогтер 
еңбек етеді. Бұл жағдайлар тұлғалардың 
бәсекеге қабілеттілік танытуындағы гендерлік 
ерекшелік болар. Осыған орай, психологияда 
гендерлік стереотиптерді зерттеу арқылы ер 
адамдарда бәсекеге қабілеттіліктің әйелдермен 
салыстырғанда жоғары деңгейде болуы туралы 
бірқатар мәліметтер жиналған. Себебі, A. Kohn 
(Kohn A., 1992:34) ескерткендей, ер адамдар бала 
кезден бәсекеге қабілетті болуға дайындалады. 
Сондай-ақ, ерте жастан ер балалар бәсекелестік 
әрекеттерді спорттық сайыс сияқты қабылдап, 
белсенділік танытып өседі (Mathur R., Berndt 
T.J., 2006:366). 
Ал, этнопсихологиялық зерттеулерден әйел-
дер табиғатынан әлеуметтік өзара әрекеттесу 
мен өзара қатынас жасауға, ынтымақтастық 
пен қолдау көрсетуге бағдарланатыны бел гілі. 
Сондықтан, қыздарға ер балалармен салыс-
тырғанда бәсеке жағдайының әлдеқайда қолай-
сыз болатын көрінеді (Benenson J.F., 2002:238). 
Сондай-ақ, бәсекеге әсіре қабілеттіліктің 
пайда болып, қарқынмен дамуы әйелдердің 
дұрыс тамақтана алмауымен байланысты екені 
анықталған (Burckle M.A., 1999:821). 
Ал, ерлі-зайыптылардың қатынастарындағы 
қиындықтарды индивидтердің бәсекеге әсіре 
қабілетті болуынан шығатын сияқты (Ryckman 
R.M., 2002:527). Сондай-ақ, мұнда бәсекеге әсіре 
қабілеттіліктің адалдықпен және альтруизммен 
байланысының әлсіздігі, статистикалық мәнді 
еместігі анықталған. Оның бір себебі бәсекеге 
қабілеттіліктің салдары ер адамдар мен әйел 
адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне 
қарай типтік әртүрлілігінен болар. 


Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
38
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
Жалпы, қыздар өздеріндегі бәсекеге қабі-
леттілікті, агрессияны ашық көрсетпеу үшін 
әлеумет-бағдарлы дамитын сияқты (Underwood 
M.K., 2003). Ал, A.L. Booth, P.J. Nolen (2009) 
қыздардың бәсекеге қабілеттілігі жыныстық 
гомогенді ортада – қыздар мектебінде жоғары 
деңгейде танылатыны туралы тұжырым жасаған 
екен. 
Ер адамдармен салыстырғанда әйелдердегі 
бәсекеге әсіре қабілеттіліктің достық қатынастың 
әлдеқайда төмен деңгейімен байланысты болуы 
белгіленген (Schneider B.H., 2005:189). Бұл бай
-
ланыс әсіресе ұжымдық мәдениет жағдайына тән 
көрінеді. Олай болса, бәсекеге қабілетті мінез-
құлықты жоғары деңгейде көрсеткен әйелдер 
жақын қарым-қатынасқа бейімсіз келеді. 
Сондай-ақ, кейбір эмпирикалық зерттеу
-
лер бойынша, ер адамдар әйелдерге қарағанда 
бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін 
белгілі бір жағдайларда ғана танытады екен. 
Ер адамдардың өзін-өзі бағалауы жоғары бол
-
са және дос-жарандар рейтингісінде алдыңғы 
орында болса ғана олардың бәсекеге қабілеттілігі 
жоғары деңгейге сәйкес келген (Hibbard D.R., 
2010:421). 
Олай болса, ер адамдардың арасында бәсекеге 
қабілеттілік, ашық түрдегі бәсекелестіктің 
белгілері жоғары бағаланып, дәріптеледі. Ал, 
әйелдер тарапынан олардың әлеуметтену ерек-
шеліктеріне байланысты бәсекеге қабілеттілік 
ер адамдарға тепе-тең дәрежеде ұлықталмайды 
да, танылмайды да деп санаймыз. Себебі, жеке 
даралық мәдениетті айтпағанда, ұжымдық ділді 
ұстанатын қоғамдарда білім алуда, мансапқа 
жетуде, еңбекте айтарлықтай зор жетістікке 
ие болған әйелдер аса көп кездеседі. Тек қана 
әйелдердің ғана емес, жалпы, бәсекеге қабі-
леттіліктің гендерлік ерекшеліктерін психо-
логиялық зерттеу тым жеткіліксіз деп санай
-
мыз. Әсіресе, мұнда әлеуметтік және этникалық 
тұрғыдан бәсекеге қабілеттіліктің гендерлік 
мазмұны әлі ашылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет