Тұлғаның және топтарды қарым-қатынасы


Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары: тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау



бет3/5
Дата09.04.2022
өлшемі20,46 Kb.
#138626
1   2   3   4   5
Байланысты:
daris 6 psihologiya

2. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары: тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау.
Адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті тұлғааралық деуге болады, егер мына критерийлерге сай келсе:
- Бірнеше адам қатысады (2-3 адам)
- Бұл : қатысушылар жақын маңда болып, бірін-бірі көріп естіп және кері байланыс жүзеге асса іс-әрекет болады.
Тұлғааралық коммуникация – бірнеше адамдар арасындағы тілдік, тілдік емес құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттестік, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында психологиялық контакт және белгілі бір қатынас орнайды.
Тұлғааралық коммуникацияның пәндік облысын анықтауға «қарым-қатынас» сөзі көмек береді.
Зерттеулер көрсеткендей бұшл сөздің мағынасын мына 3 топпен байланыстырады:
1. Бірігу, ортақ нәрсе құру (достар компаниясы)
2. Хабар жіберу, ақпарат алмасу (әңгімелесу, сөйлесу)
3. Кездесуге әрекет, кірігу («терең түсінісу)
Тұлғааралық коммуникация қызметі немесе функциялары:
- Қарым-қатынастық функция – ақпарат алмасу үшін, ақпарат қабылдау үшін қарым-қатынас, контакт орнату
- Ақпараттық – хабар, ой, шешім, пікір алмасу.
- Қозғаушы, түрткі болатын функциясы – белгілі бір әрекет жасауға деген партнердің стимуляциясы
- Үйлесімділік – бірлескен әрекетті ұйымдастыруда өзара келісім мен түсіністік
- Түсінісу – көңіл-күйді, абыржуды, ниетті адекватты түрде дұрыс қабылдау
- Эмотивті – серіктесте керекті эмоциялық күй ояту, сонымен қоса абыржуды өзгерту
- Қарым-қатынас орнату – индивид әрекет ететін рөлдік, дәрежелік, іскерлік жүйеде өз орнын түсіну.
- Әсер ету – серіктестің жеке ойлау құрылымында күйді, қылықты өзгерту.
Тұлғааралық коммуникациядағы белгілі модельдер:
- Сызықтық модель:
Ақпарат жіберуші ойды, сезімді белгілі бір хабарламаға кодтап (сөйлеп, жазбаша, т.б) алушыға жібереді. Егер хабарлама әртүрлі кедергілерден өөтіп, алушыға жетсе сәтті болып саналады.
- Интерактивті – мұнда кері байланыс болумен ерекшеленеді. Алушы мен жіберуші орын алмасып отырады.
- Трансакционды – бір уақытта жіберу және қабылдауды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет