Тұлғаның когнитивті, эмоциялық-ерікті және жеке-типологиялық ерекшеліктерін түсіну және талдау
Эмоция
Эмоция – бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Эмоция — латын сөзі — emovera қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады.
Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді.
Эмоция түрлері
Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады.
Жағымды не ұнамды эмоциялар
Жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар
белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер.
қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б
қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену
Қарапайым – адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
Күрделі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы деп ажыратады.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.
Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар, сонымен қатар құмарлық болып та бөлiнедi
Ерік
Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар:
Еріксіз әрекеттер (түшкіру, жөтелу, т.б.);
Ерікті әркеттер – қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты) бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәрізді), күрделі тарихи қызметке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.
Еріктің қасиеттері
Ұнамсыз: өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.
Ұнамды: дербестік,
батылдық, табандылық.
Тәртіптілік пен жинақылық
Ұстамдылық
Шыдамдылық
Табандылық
Тоқтамға келгіштік
Ерік сапалары
Ерлік