Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі. - Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет – екі дербес, тең құқылы процесс пе деген сұрақ туындайды.
- Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және т.с.с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас) болады.
- Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту, машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа адамдарға «трансляциялайды», өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |