Тұрмыстық Тоңазытқыш
Тұрмыстық Тоңазытқыш әр түрлі азық-түлікті және үйде дайындалған тағамдарды бұзылудан сақтауға арналған; бір немесе бірнеше камерадан тұрады. Камералардағы температура өнімдерді мұздатуға (мұздату камерасы) және тоңазытуға (тоңазыту камерасы) арналған. Тұрмыстық Тоңазытқыштардың тек мұздату камерасынан тұратын түрлері де болады. Тоңазыту және мұздату камераларындағы температура арнайы буландырғыштардың көмегімен тұрақтандырылады. Тұрмыстық Тоңазытқыш. тоңазыту агрегатының әсер ету принципі, тех. сипаттамалары, құрылымдық ерекшелігі бойынша компрессиялық және абсорбц. болып бөлінеді. Өнеркәсіптік Тоңазытқыштар өндірістік және тарату Тоңазытқыштарына бөлінеді.
Азық-түлікті сақтау және орналастыру
Достарыңызбен бөлісу: |