III кезең – гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі. Егер «үнсіз өкпе» синдромы шешілуі болмаса, онда гипоксиялық қозу, венаішілік енгізулерге белсенді түрде қозу пайда болады
III кезең – гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі. Егер «үнсіз өкпе» синдромы шешілуі болмаса, онда гипоксиялық қозу, венаішілік енгізулерге белсенді түрде қозу пайда болады:
- диффузиялы сұрғылт цианоз, тершеңдік, сілекейдің көп ағуы;
- жіпше тəрізді пульс, гипотония, коллапс;
- артериялық қанда – гипоксемия (РО2 40-50 мм.рт.ст.), жоғары гиперкапния (РСО2 80-90 мм.рт.ст.). Айқын вентиляциялық бұзылыс. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік жағдай метаболизмдік алкалозға, ал демікпе жағдайы ауырлығының күшеюінен метаболизмдік ацидоз дамиды;
- жауша сыртылық сұйықтықтың жəне қан көлемінің азаюы (дегидратация белгілері). Дегидратация, сонымен қатар созылмалы гипоксемияға, гематокриттің жоғарылауына жəне қанның қоюлауына алып келеді.
Диагностика критерилері:
Диагностика критерилері:
- қақырық түсуінің қиындауынан көп сағатқа кейде бірнеше тəулікке созылатын тұншығу;
- айқын əлсіздік;
- өлімнен қорқу;
- көп ретті симпатомиметикалық ингаляция қолдану жəне пуринді қатардағы препараттарды (тəулігіне 15-20 рет) қолданудың əсерінен бронх кеңейтуші əсерінің болмауы немесе бронхоспазмның күшеюі («рикошет синдромы»).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы жағдайын жəне тіршілік үшін маңызды: есі дұрыстығын, тыныс алуын, қан айналым жүйесі жұмысын бағалау.
2. Науқастың қалпын бағалау: ортопноэ тəн.
3. Қарап тексеру:
- бөшке тəрізді кеуде;
- демін алу актісіне көкіректің қосымша бұлшықеттерінің қатысуы;