Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
БЕКІТЕМІН
Директордың ОЖ жөніндегі
орынбасары
____________Г.Х. Хайржан
____ _________ 20___ж
Сынақ сұрақтары
2016-2017 оқу жылы
Пән_«Акушерлік гинекология және көбеюдің биотехникасы»
(пәннің атауы)
Мамандық 1513000 «Ветеринария»
Орал 2016
Шошқаларда жыныстық қатынас қанша уақытқа созылады?
Қалыпты жағдайда ірі қара малын өсіруде оның сервис-сатысы неше күннің арасында болуы керек?
Сарпай мен несеп шығаратын тесікке дейінгі жерді қалай атайды?
Айғырдың күпегінің тарылып жыныстық мүшесінің сыртқа шықпай қалуы қалай аталады?
Қандай қосалқы жыныс бездерінің секреттері несеп-жыныс арнасының кілегейлі қабығын несеп қалдығынан тазартады, бірақ ұрық белсенділігіне әсері жоқ?
Туғаннан кейін дені сау сиыр неше күннен кейін күйлеуі керек?
Қойдың жыныс циклінің ұзақтығы? (күн)
Желінсаудың қандай түрінде жоғарыдан төмен массаж жасауға болады?
Ветеринарлық акушерство туралы кітапты ең бірінші жазған кім?
Донорлардан эмбриондарды жуып-шайып алу үшін қандай ерітінді пайдалынады?
Биенің овуляциясының өтетін уақыты?
Бұқаның ұмасының температурасы қандай?
Ұрғашы малдың жыныс еріндерінің қабынуы қалай аталады?
Егер жыныстық қозу мен овуляция феномендері болмаса, онда жыныстық цикл қалай аталады?
Мал күйлегенде, жатыр мойынынан сұйықтықпен бірге ұсақ сүйектер бөлініп шығуын не дейді?
Қандай түлік малдың жыныс циклі моно- және дициклді болады?
Сиырдың жыныс циклінің ұзақтығы?
Ұрық алар алдында бұқаның күпегін қандай ерітіндімен жуады?
Үйреншікті аборт дегенді қалай түсінесің?
Кәріліктен болған бедеулік биеде неше жаста байқалады?
Қандай түлік малдардың жыныс мүшесінде S-тәріздес имек болмайды?
Гинекологияның мақсаты мен міндеті?
Қандай қосалқы жыныс безінің секреті ұрықты анабиоздық қалпынан белсенді қалыпқа айналдырады?
Мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру әдісінің алғашқы болып негізін қалаған кім?
Кеміргіштер мен маймылдардың плацентасы байланысу сипатына қарай қай түрге жатады?
Кәріліктен болған бедеулік түйеде неше жаста байқалады?
Мал серуенге шықпай, күн көзін көрмей, қараңғы, лас қапырық қорада тұрғаннан пайда болған бедеулік қалай аталады?
Ұрықты сұйылтқыштың қандай компоненті температуралық шокты болдырмайды?
Жасанды қынаптың температурасы қандай болу керек?
Алиментарлық бедеулікті тудыратын себеп?
Жатырдағы төлдің ортаншы зәр қабығы қалай аталады
Жаңа туған төлдердің ауруларының негізгі себебі?
Сиырдың жыныс циклінің қозу сатысының соңғы феномені?
Зиготаның аналық жыныс торшасынан айырмашылығы қандай?
Егер шырыш ағу мен овуляция феномендері болмаса, онда жыныс циклі қалай аталады?
36.Егер сүтке қан араласып шықса, оны геморрагиялық желінсаудан қалай айырады?
37. Малдың шуы түспей қалған жағдайда көрсетілетін көмек?
38. Бие шуының бөліну уақыты?
39. Ұрықты бөліп шығару рефлексі қалай аталады?
40. Эмбриондарды көшіріп-қондыру әдісінің негізгі мақсаты қандай?
41.Ұрықтану процесі кезінде спермия қандай фермент бөліп шығарады?
42.Кәріліктен болған бедеулік қой мен ешкіде неше жаста байқалады?
43. Спермотазоидтардың жетілуі мен қалыптасуына байланысты ендегі өтетін процесс қалай аталады?
44. Қай кезде жыныс циклі толық болып саналады?
45. Егер овуляция болмаса, онда жыныстық цикл қалай аталады?
46. Биенің плацентасы байланысу сипатына қарай қай түрге жатады?
47. Бадана (простата) безінің секреті қандай қызмет атқарады?
48. Қабанның эякулятының орташа мөлшері қанша болады?
49. Аталық жыныс мүшесінің шағылысуға дайын болуы?
50. Төлдің тамырлы қабығы мен жатырдың кілегейлі қабығының ұлпаларының байланысынан тұратын күрделі орган қалай аталады?
51. Аналық жыныс торшасының ұрықтану қасиеті қанша уақытқа дейін сақталады?
52. Ен қосалқысының қабынуын қалай атаймыз?
53. Ұрықтану процесі неше сатыдан тұрады?
54. Гермофродитизм ұғымына түсінік?
55.Егер күйлеу мен овуляция феномендері болмаса, онда жыныстық цикл қалай аталады?
56. Ірі малда овуляцияны қалай анықтауға болады?
57. Қандай факторлар овуляцияның өтуін қамтамасыз етеді?
58. Қандай түлік малда көпіршік тәрізді без болмайды?
59. Еркек малдың жыныс мүшесінің қайтадан орнына, күпек ішіне енбей қалуы қалай аталады?
60. Биелердің физиологиялық жетілу мерзімін көрсетіңіз?
61. Қолдан ұрықтандыру кезінде бір қабанның ұрығымен қанша мегежінді ұрықтандыруға болады? (орташа)
62. Персистентті сары дене ұғымына жалпы түсінік?
63. Ұрғашы малдардың жыныс аппаратының сыртқы бөлімін атаңыз?
64. Айғырдың эякулятының орташа мөлшері қанша болады?
65. Аналық малдың еркек малға оң сексуальды реакциясы?
66.Ұрықтың ұрғашы малдың жыныс жолымен қозғалуын қандай факторлар қамтамасыз етеді?
67. Қандай түлік малдардың жатырының кілегейлі қабығында карункулдар болады?
68. Жыныс циклі моноциклді малдарға тән ерекшеліктерді көрсетіңіз?
69. Кәріліктен болған бедеулік мегежінде неше жаста байқалады?
70.Ұрғашы малдың жыныстық жетілуін қалай түсінесің?
71. Туғаннан кейінгі кезеңнің өтуіне қарай жатырдың физиологиялық қалыпты шамаға келмеуі қалай аталады?
72.Тірі ірі төлді шығарып алу тәсілі?
73. Сиыр туғаннан кейін шуы қанша уақытта түсуі керек?
74. Төлдің арқасының анасының құрсақ қабырғасына қатынасы?
75.Шошқаны ұрықтандырудың неше әдісі бар?
76. Гонадальді гормондарды қандай без бөліп шығарады?
77. Шәуетте спермалардың мүлдем болмауын қалай деп атаймыз?
78. Қай түлік малдардың ұрық түтікшесінде анық байқалатын ампула тәріздес кеңейтілген жері бар?
79.Сиырда буаздықтың неше ай-лығында төлдің көлемі 30-40см болып, карункулдары көгершін жұмыртқасындай болады?
80.Сиырлар мен қашарлардың күйлеу феномені неше сағатқа созылады?
81.Қынаптық типті шағылысуға қандай түлік малдар жатады?
82.Сиырдың буаздығының ұзақтығы қандай?
83.Бір жыл ішінде бұзауламаған сиырлар мен қашарлардың % есебімен алғандағы санын қалай деп атаймыз?
84.Простатит ұғымына жалпы түсінік?
85.Егер шырыш ағу мен күйлеу феномендері болмаса, онда жыныстық цикл қалай аталады?
86. Желін үрпісінен сүттің тоқтамауын қалай деп атаймыз?
87. ФСГ, ЛГ және ЛТГ қандай гормондарға жатады?
88. Бұқадан бір рет бөлінетін эякуляттың орташа көлемі қандай?
89. Суперфекундация ұғымына жалпы түсінік?
90. Фолликулалардың өлу процесін қалай деп атаймыз?
91. Эякулятта ұрықтың саны жеткіліксіз болуы қалай аталады?
92. Күйіс қайыратын малдардың плацентасы байланысу сипатына қарай қай түрге жатады?
93. Қойдың жыныс циклінің қайталанып келуі қанша уақытқа созылады?
94. Жатырдың бұралуына диагнозды қалай қоямыз?
95. Уретральдық және купер бездерінің секреттері қандай қызмет атқарады?
96. Қолдан ұрықтандыру кезінде бір айғырдың ұрығымен қанша биені ұрықтандыруға болады? (орташа)
97. Мал туғаннан кейін бөлініп алынған шуды не істейді?
98. Жатырдағы төлдің сыртқы тамырлы қабығы қалай аталады
99. Қандай түлік малда купер безі болмайды?
100. Қой мен ешкінің физиологиялық жетілуі неше жаста басталады?
Құрастырушы ______________ Жумабаева Кумисай Кунтугановна
екінші санатты арнайы пәндер оқытушысы
Экология және биотехнология бөлімінің пәндер циклдік комиссиясының отырысында қаралды
Хаттама № ____
____ ___________ 20____ ж.
ПЦК төрағасы _______________ М.М.Кдирбаев
Достарыңызбен бөлісу: |