Осылайша, XIV ғасырда Жетісудан басқа Шағатай мемлекетінің құрамына енген барлық аумақ іс жүзінде Ақ Орда құрамында- болды. Орталығы — Сығанақта орналасты. Ақ Орданы Орыс хан (1361—1376/77 жылдары), оның баласы Барақ (1423—1428 жылдары) билеген жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды.
Ақ Орда — монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этностық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Онда қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.
Әбілхайыр хан мемлекеті (1428—1468 жылдапы). XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орда мемлекетінің ыдырауы барысында Қазақстанның далалық бөлігінде Әбілхайыр хан мемлекеті құрылды. Ақ Ордадағы билік Жошы ханның басқа ұлы Шайбани әулетіне көшті. Әулеттің бірінші ханы Әбілхайыр болды. Әбілхайыр Шығыс Дешті-Қыпшақаумағына енген Батыс Сібірдегі қазіргі Түмен қаласы еңірінде хан болып сайланды. Мемлекеттің шекарасын кеңейту мақсатында ол бытыраңқы Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстарды бағындыруға кірісті. Әбілхайыр Қажы-Тархан (Астрахан) ауданында Тока-Темір әулеті билеушілерін жеңіп, астанасын Орда-Базарға көшіреді