XIII ғасырдың ортасынан бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында — Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады.
Түркі және түркіленіп кеткен жергілікті шонжарлардың саяси- экономикалық жағдайының нығаюы нәтижесінде, Ақ Орда XIV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты. Ақ Ордада Жошының баласы Орда Ежен әулеті билік құрды.
Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз,Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы — Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды.