Тобы: дб-201с тексерген : Мухметова Раукен Женисовна



Дата11.02.2023
өлшемі33,9 Kb.
#168354
Байланысты:
Жумадил А 1 семинар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КеАҚ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Педагогикалық жүйе» түсінігінің мəні.
Орындаған: Ахметқалиева Жансая Бауыржанқызы

Тобы: ДБ-201С

Тексерген : Мухметова Раукен Женисовна








Семей қаласы 2022-2023
Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
Бұл қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.
Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.
Төменгі сұлбада педагогикалық жүйенің компоненттерінің өзара байланыстылығы көрсетілген.
Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойына білім, білік және дағды негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметер беріп, оларды пайдалана білуді үйрету ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады.

Педагогикалық басшылық дегеніміз оқушы, не студентке авторитарлық (үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік ерекшеліктерін дамытуда жан – жақты, әрі үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік пен алғы шарттар жасау. Алдымен, басқару теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар:


· басқару


· басшылық


· басқару қызметі


· басшылық принциптері


· басқару әдістері


Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру, тікелей әрі байланыс процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі жақ, яғни басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін - өзі басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де игі әсерін тигізеді.


Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің пайымдауымызша оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан басқаруға байланысты мына анықтамаларды пайдаланамыз:


Басқару – басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау, өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір нысандар туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруда, оны жұмыс істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және жіберу арқылы ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші бір ұғым бар. Ол – «басшылық жасау». Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай анықтамаларды қажет етеді:


· белгілі бір жүйелі мақсат қою;


· жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер белгілеу;


· арнайы қызымет әзірлеу;


Басқару әкімшілік қызыметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша айтқанда басқару – объективті, ал басшылық жасау – субъективті сипаттамаға ие.


Басшылық– басқару ісінде жеке субъектінің өзін - өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс - әрекеті.


Кәсіптік мектептің педагогикалық үрдісін жүзеге асырудағы басқару қызыметі туралы бірер сөз айталық.


Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.


Басқару қызыметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар:


1. Жоспарлау


2. Ұйымдастыру


3. Реттеу


4. Бақылау


5. Есеп алу.


6. Талдау.


Осы қызыметтерге жеке – жеке тоқталсақ:


Жоспарлау – белгілі бір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер. Ол жүйені болжау, ағымдағы қызыметтер және нақты бағдарламалау сияқты бөлімдерден тұрады.


Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.


Реттеу – жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік жағдай пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктерді бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады. Негізгі күштерді қалай және қайтіп орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады.


Бақылау – процестерді жоспарлаудың, нұсқаудың және шешімдерді нақты жүзеге қалай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді. Бақылау - істің кері байланыс арқылы мәліметін білетін тәсіл. Басшыланбайтын процесс – басқарылмайтын процесс.


Есеп алу – басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші. Ол шаралардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығының өлшеуіші. Есепті бақылаудан ажыратуға болмайды, бірақ ол оған тәуелді құбылыс.


Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен аяақталады және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді.




Оқыту мен бақылаудың жалпы заңдылықтарына ой жүгіртіп әрі мұқият оқыңдар. Олардың қызметін, әсіресе бақылауда орын алған кемшіліктер мен оларды түзету шараларын жүзеге асыру жүйесі іске асырылады. Бұған мысал ретінде, Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы білім беру орындарына 2003 жылы ендірілген тестілеудің бірыңғай Ұлттық жүйесін келтіруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет