қозуды орталық жүйке бөлiгiне жеткiзушi афференттiк немесе сезiмтал жүйкелер;
шеткi бөлiктен жеткен жүйке импульстарын өңдеушi талдағыштың ми қабығындағы бөлiктерi. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендерi болады. Түйсiк пайда болуы үшiн барша талдағыштардың тұтастай, бiрлiктi қызметi қажет. Сонымен бiрге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тiтiркендiргiштердiң əсерiне орай икемдi өзгерiске келе беретiн мүше,мұндай өзгерiстерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетiктерге де ие. Мысалы, терi қабатына инемен əсер етiлсе, ол жер дiрiл қағатыны байқалады, осындай тiтiркендiргiштерден тамыр тартылуы, терi жиырылуы, ал кей кездерi көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары жəне т.б. бəрi де түйсiк реакцияларына байланысты туындайтыны белгiлi.
Сонымен, түйсiктер тiптi де енжар процесс емес, олардың белсендiлiгi ерекше. Бұл процестердiң бəрiнiң де белсендiлiк сипаты түйсiктердiң өзiнше жауап əрекетке келу (рефлекторлық) қасиетiнен туындап отыр
Түйсіктің негізгі заңдылықтары
Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік процесінің түрлері
Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелiгенетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.
Түйсiктердiң ең iрi жəне маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған:
Интероцептiк,
Проприоцептiк,
Экстероцептiк.
Достарыңызбен бөлісу: |