Студенттің аты-жөні:Базарбай Рыскүл Қайырбекқызы
Тобы: ФАТ-911б
Практикадан өткен орны: Түркістан қаласы, «Күміс күлкі-2 бастауыш мектебі.»
2-апта Басталуы:08.02.2021ж Аяқталуы:12.02.2021ж
Практиканың екінші аптасы біз үшін бірінші аптамен салыстырғанда қызығырақ және түсініктірек өтті.Себебі біз бірінші аптада бақылау барысында мұғалім сабақты қалай бастауы қажет екендігін,оқушылармен қандай қарым-қатынас жасау керектігін және жаңа сабақтың түсінікті болуы үшін қолданылатын әдіс-тәсілдері жайында таныстық.Мұғалімнің бастауыш сыныптармен жұмыс жасауы қиын екенін түсіндім.Олардың сабаққа,яғни ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді біліп,меңгеруі керек екен.Себебі оқушылардың сабаққа қызығушылығы болмаса,олардың алған білімдері де жеміссіз болуы мүмкін.Бұл аптада «Traditions and Customs», «Blonde Carrie and Brunette Carrie» , «Our world» деген тақырыптарға сабақтар өтілді.1сабақ 40минуттан болады.Мұғалім оқушылармен ауызша және жазбаша тапсырмалар орындады.Үй жұмысына берілген тапсырма оқушыларға қиындық тудырмас үшін,оларға барынша қалай орындау керек жолдарын,ондағы таныс емес жаңа сөздердің аудармасын жасап,түсіндіріп берді.