Қорытынды
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.
Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.
Фонетика саласы фонология, эксприменттік фонетика, салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика тәрізді тармақтарға жіктеле бастады. Г.В.Архангельский жазған “Грамматикада” қазақ тілі дыбыстарының өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы,үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аралбаев Ж. А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.
Оралбаева Н. Қазақ тілі. Алматы, 1993
Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1995
Қалиев.Б.А Қазақ тілінің фонетикасы.Алматы.2014
Достарыңызбен бөлісу: |