ҚАЙЫРЛЫ КҮН, БІЛІМ АЛУШЫЛАР! Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні бойынша практикалық сабақты назарларыңызға ұсынамын. Сабағымыздың тақырыбы: 1-ші сыныпқa кeлeтін бaлaлaрдың aқыл-ойының дaмуы мeн мaтeмaтикaлық дaйындығы
Негізгі талқыланатын сұрақтар: Сабақтастық ұғымы
Сабақтастық дегеніміз – оқыту және тәрбие міндеттерін шешу мақсатында білім беру жүйесінің аралас буындары арасындағы өзара байланыс. Ол тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұны мен оны жүзеге асыру әдістері арасындағы өзара байланысты көздейді. Мектептің жоғары сатыға көтерілуі балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына да байланысты.