Тобы: сб-н,Т-18 Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі Өтілетін күні



бет3/3
Дата20.12.2021
өлшемі57 Kb.
#103960
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
742 7590 107505

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Сабақтастық деген не?

  2. Сабақтастықтың мақсаты неде?

  3. Мектепте оқу үшін бала қандай дайындықтардан өтеді?

  4. Мектепке даярлық топ балаларының оқу-тәрбие жұмысы несімен ерекше?

(тірек-сызба арқылы орындаңыз)
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:
Тапсырма №1. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны – сабақ. Кейбір мұғалімдер балалар бақшасынан келген тәрбиеленушілердің жақсы тәртібін айтып жатады. Бұл балалардың сабақтағы ұйымдастырушылығын және тәртіптілігін, олармен тек жұмысты әрі қарай жалғастыру керектігін, бұл сынып балаларының мінез-құлқын, мәдени дағдыларын көтеруге көмектесетінін атап айтады.

Сондай-ақ балалар бақшасынан келген тәрбиеленушілердің кейбіреулері тәртіпсіздігімен көзге түседі. Мұғалімдердің айтуынша мектеп талаптарына дайын емес, зейіні тұрақсыз, шашыраңқы, олардан жиі сұрауды талап етеді, оларды тақтаға шақырмағандығына ренжиді.



Сұрақ: 1. Балаларды мектептегі оқуға дайындаудағы мұндай кемшіліктердің мүмкін болған себептерін түсіндіріңіз.

2. Балалар бақшасының тәрбиешісі жайлы қандай қорытындылар жасауға болады?



Тапсырма№2. Мектепалды даярлық тобы балалары үшін математика негіздері оқу қызметінен «1-ден 10-ға дейінгі сандар. Апта күндері» тақырыбын жоспарлап, конспектісін ұсыныңыз!
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ:

  1. Андабекова С «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы,2012 ж 212-217 беттер

  2. h ttp://manshuk.kz/e-library.aspx (осы сілтемені басып, кітап іздеу бөлімінен өзіңізге қажетті, жоғарыда берілген оқулықты пайдалана аласыздар)

  3. М.А. Леушина «Мектеп жасына дейінгі балалардың злементар математикалық түсініктерін қалыптастыру.» А.; 1982

Түсінбеген сұрақтарыңыз болса, төмендегі ұялы телефонға немсе ватсап желісіне хабарласып сұрауларыңызға болады

8-747-898-54-89 Меруерт Алмабекқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет