Тобы: сб-н,Т-18 Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі Өтілетін күні



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі57 Kb.
#103960
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
742 7590 107505

Сабақтастықтың қажеттілігі



Балаларды мектептегі оқу талаптарына сай даярлау



Алған білімді, іскерлікті, сапаны мектепте пайдалана білетіндей даярлау


Мектептегі оқуға дайындық

Арнаулы дайындық

Жалпы

дайындық








Мектептің ана тілі, математика пәндерін үйрену негізі болатын білімнің, ұғымның, іскерліктің болуы

Психологиялық даму



Дене дамуы

Мектептегі оқуға дайындық балалардың мектепке даярлық тобына көшуінен бұрын басталды. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысы мектептегі оқуға дайындық қалыптастыруды көздейді. Мектепке даярлық топтың басқа топтардан айырмашылығы – мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады.

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтижесінде баллардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, балалардың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды псхологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ окушының өзінің оқуына, тәртібіне жауапкершілігін түсінбтіндей өзгеріс болуы керек. Бала балал; бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкен, барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындық талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардық (түйсіктің, естің, зейіннің т.б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функцияналдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананы дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісінің байланысты болады, бірақ керісінше емес», -деп жазды Л.С.Выготски сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы бағыты және ең елеулі нәрсе болып табылады.

Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересекті ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. «Мен қазір тек ересек балалар тобындамын келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын, - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.

Өзінің тәрбиелеп отырған балаларының сана-сезімін қайта құру жөнінде дайындық топтың педагогы есінен шығармауы тиіс және белгілі бір дәрежеде өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертуі керек. Балалардың өз бетімен ойлауын мадақтай отырып, өз күшіне сенімін, мүддесін таңдап алу тұрақтылығын мақсатқа бағытталғандығын тәрбиелей отырып, балаларды ерекше басы артық қамқорлықтан босату керек. Кішкентайлар мен ересектердің алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуге балаларды төселдірген жөн. «Даярлық топтағы балалар ең ересектер; олар басқа балаларға үлгі көрсетіп кішкентайларға қамкорлық көрсете білуге тиіс»,— деп атап көрсетеді тәрбиеші. Оқушылардың жұмысымен, оларды үйдегі жұмысымен танысып отыру керек деп тәрбиеші ақыл-кеңес 6epeді содан кейін әңгімелесу кезінде балалар көбінесе өздерінің аға-апалары жөнінде, олардың оқып жүрген кызық кітаптарын, шығарып үйренген қиын есептері жөнінде т.с.с. мақтанышпен әңгімелеп береді.

Сондықтан дайындық тобынын, барлық программалық міндеттерін, оның ішінде элементар математика білімдер облысын қарастыруда бір жағынан, балалардың алған білімдерін қорытындылау және бір жүйеге келтіру тұрғысынан, екіншіден — балаларды мектеп жұмысына дайындау, білімдеріндегі сабақтастық байланыс тұрғысынан келу керек. Мектептегі жұмысқа дайындаудағы басты міндет балалардың ақыл-ойын дамыту, ақыл-ой операцияларын анализ, сиптез, салыстыру, жинақтау, классификациялау операциясын игеру. Мектеп пен балалар бақшасы программаларындағы сабақтастықтың I класс программасында «трапеция» немесе «кері есеп» болу-болмауында емес, мәселе баланың, берілген фигура мен есепке талдау жасау, олардағы ең елеулі жақтарын айыра білуі мен жинақтап қорытындылай білуінде. Мысалы «Нумерация» бөліміндегі көптеген мәселелер балалар бақшасының программасына енеді және балалар бақшасынан мектепке көшкен балалар үшін қайталау болып табылады. Бірақ мұндай қайталау оқытудағы жазғы үзілістен кейін ол балалар үшін де аса маңызды.

Сонымен даярлық топтың программасы балалардың, алдыңғы топтарында алған білімдерін жүйеге салатын программа ретінде тек балалар бақшасы үшін ғана емес, балаларын I класқа дайындағанда ата-анадар пайдалана алатын программа ретінде де ерекше маңызы болады.

Алдыңғы мектепке даярлық тобының, режимінде аптасына 14 сабақ өткізу қарастырылған, ның екі сабағы балалардың элементар математикалық түсініктерін дамытуға арналады.

Алдыңғы топтардағыдай, алғашқы айда өткізілетін жұмыс ересек балалар тобының программалық материалдарын қайталауды және балалар бақшасына жаңа ғана келген балалардың білімдері мен дағдыларының деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін сабақтарға арналады. Балалардың білімдерідегі кейбір кемшіліктерді жою үшін сол балалармен қосымша білімдеріндегі кейбір кемшіліктерді жою үшін сол балалармен қосымша сабақтар өткізу қажет болуы мүмкін. Алайда мұндай сабақтарды ұзақ уақыт өткізудің керегі жоқ: бірлесіп жұмыс істеу процесінде оқытып қана қоймай, сонымен бірге балаларды өзара оқытып үйретуге де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет