Осы тақырып бойынша кері байланыс.
«Қар кесегі» әдісі бойынша бүгінгі тақырыпты қорытындылау.
Жай және құрмалас сөйлемдерді оқытуда қолданылатын жаңа тәсілдерді лексикалық тақырыптармен бірлікте қарастыру жөн. Әр тақырыпқа бөлінген мәтіндердің танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік сипаты, мұғалім сол сабақта неге басты назар аударуы тиіс, тақырыпқа байланысты қандай дереккөздер ұсынылады, грамматикалық тапсырмаларды орындату формалары, әдіс-тәсілдердің анықтамасы, оларды қолдану тиімділігі сынды мәселелердің маңыздылығы орасан. Оқушыларға бір сарынды тапсырма бергеннен гөрі, ойната отырып, оқыту тиімділігі ұсынылады. Сабақ тақырыбына сәйкес материалды ақпараттық-техникалық құрал-жабдықтар арқылы меңгерту оқушылардың ой-өрісін өсіреді, танымдық қабілеттерін арттырады. Білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктеріне ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |