Тобы: Қт-ж-17 Студент: Шыңғысбекқызы а курстық жұмыстың тақырыбы



бет3/28
Дата15.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#101585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
курсовой КТО

Зерттеудің дереккөздері:

Зерттеу жүргізу барысында колледждің manshuk.kz сайтындағы ЦББР және кітапхана базасы, smk.edu.kz, BILIMLAND білім беру порталдары



Зерттеу әдістері: баяндау, талдау, салыстыру, саралау

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады. Сонымен қатар жұмысты жазу барысындағы жоспар мен жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І тарау. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда syntaxis – қоспа, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Синтаксисті ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы ретінде танылады. Оның өзі үлкен 3 бөлімнен құралады:



  1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.

Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр-сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым.

А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.

Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, «сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады» дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады. Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, «біздің қарайтынымыз – мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек», – деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. «Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі», – деп, ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады [2, 50]. Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады.

С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды. Ғалым сөйлемнің қатысымдық қызметіне назар аударып, «сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана» құралмайтынын, «сөйлемнің айтылуы, көп қолданылатын жері – көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер» екенін, мұндай жерде «сөйлем, бірыңғай, біркелкі «болмайтынын, ашу, күлкі, сұрау, жауап, қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың «сөйлемге әсерін» тигізетінін дәлелдеп көрсетеді [ 3, 16 ]. Сол сияқты Ә.Хасеновтың «материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері» туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың «сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс» деген анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].

Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

И.Ұйықбаев «грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге» соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].

Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов «тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу» керектігіне мән берді. Ғалымдардың «өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату, кітап оқыту, оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату» [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен Х.Арғыновтың «өздігінен көбірек жұмыс істеуге» көңіл аудару «әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын» байқайтыны туралы тұжырымдары [7, 212-260] қазіргі таңдағы СӨЖ-ге қойылатын талаппен сабақтасып жатыр.

Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтың еңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған. Х.Арғынов синтаксисті оқытуда байқау, түсіндіру, әңгіме әдісі, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау әдістерін қолданудың тиімді екенін көрсеткен.

Осы еңбегінде теориялық ойлауды дамытуға мол құнды пікірлерінің де кездесетінін атап көрсету керек. Мысалы, Х.Арғынов синтаксистің көрнекі құралына қойылатын талаптарының қатарына « 4.Көрнекі құрал синтаксистің белгілі бір категориясы жөнінде оқушылардың өздігінен ой қорытындысын шығаруына мүмкіндік жасайтындай болуы шарт» талабын қоя білген
Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.

Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік технологияның ұтымдылығын дәлелдесе, Ж.Сүлейменова жоғары мектепте морфологияны оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. Ә.Әлметова студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың жолдарын, З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Ж.Даулетбекова сөйлеу мәденетін терең игерту оқушының қатысымдық және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыратынын айтса, Ж.Қ.Балтабаева өзінің ғылыми жұмысында жоғары оқу орындарында морфологияны оқыту мәселесін сөз етіп, интерактивті әдістердің ұтымдылығын дәлелдеді. Н.Құрманова мен А.Е.Жұмабаева орта мектепте синтаксисті дамыта оқытудың жолдарын айқындап берсе, А.А.Сатбекова жоба жұмысының түрлерін саралады.


Сөйлем мүшелерін модульді интерактивті оқыту тиімділігін Сандуғаш ОМАРОВА педагогика ғылымдарының кандидаты ұсынды.

Білім беру дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бағыт еліміздің мектептерінде білімді шәкірт даярлаудың негізі ретінде қарастырған.

Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркесті оқытудағы көрнекіліктер. (7-сынып)

Зымыран сұрақтар:

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Тұрақты тіркес ғылым тілінде қалай аталады?

Күрделі сөз дегеніміз не?
Топтық тапсырма:

1-топ. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді мына сызбаға орналастыр: Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас, әдеби кітап, озат оқушы, ертеден қара кешке дейін ойнау, ауыл жастар.


Күрделі сөз


Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес
























2-топ. Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз.
Оның мына сөзі...етті. Ала көлеңке үй іші... . Менің уақытымның көбі...оқуға кетті. Шоқан - қазақтың.... .(төбемнен жай түскендей, әдеби кітап, аса дарынды ғалымы, құлаққа ұрған танадай).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет