Орындаған: Кабилтаева К.А
Тобы:Тур-33
Тексерген: Мазбаев О.Б.
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
1. Нұр Сұлтан қаласының көше атаулары 20 атауы 1.Абай даңғылы. Абай даңғылы К.Күмісбеков көшесінен басталып, Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы 5280,6м.Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор. Абай бала кезінен елдегі шешен, ақын, ертегішілердің әңгімелерін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген ол - қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді. Шығыс классиктері Низами, Сағди, Науаи, Физули, Жәми және орыс ақын-жазушылары А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой мұраларын оқып, оларды тереңірек зерттепбіліп, таныс болған. Абай өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Қансонарда бұркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» секілді өлеңдері тың дүниелердің қатарына жатады.