17. Мұқағали Мақатаев кешені (Астана) - Мұқағали Мақатаев көшесі Наркескен көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Балауса көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 1749 метр. Мұқағали Мақатаев (1931-1976) - қазақтың аса көрнекті ақыны. «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қарындастар, қош болыңдар», «Шекарада», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Алтай - Атырау», «Қашқын», «Райымбек' Райымбек», «Моцарт. Жан азабы» атты поэма, толғаулары мен 650- ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірін терең толғаған. 1985 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы үздік шығарма авторларына Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. 2000 жылы ақынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.