Тобы: Тур-33 Тексерген: Мазбаев О. Б. Нұр-Сұлтан, 2020 ж



бет12/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#90604
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Кабилтаева Кундуз Тур3 экскурсия

18. Мәскеу көшесі (Астана) - бұрынғы атауы Московский көшесі. Мәскеу көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мұхтар Әуезов көшесінде аяқталады. Сарыбұлақ, Берел, Бекетай, Б.Хмельницкий, Ә.Ділманов, Г.Потанин, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2281,2 метр.Мәскеу - Ресей федерациясының астанасы. Ресейдің Еуропа бөлігінде Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Бұл көшеде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасқан.
19. Н. Тілендиев даңғылы. Н. Тілендиев даңғылы Баршын, Ұлытау, Қайнар, Сарыөзен, Көктал, Д.Бабатайұлы, Шұғыла, Атбасар, Ш.Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы - 15926,6 м.Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) - аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбьфашы. ҚазКСР-нің және КСРОның халық әртісі, ҚазАСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық қаһарманы». 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде оқыған. 1952-61 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестерінің бас дирижері болып қызмет атқарған. «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарған. «Ата толғауы», «Махамбет», «Ақсақ құлан», «Аққу» атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге музыка жазған.Бұл даңғылда «Қамқор» техникалық қызмет көрсету орталығы, «Эталон» құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спорт мектебі, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет