Тобының білім алушысы Ислямова Н. К


Зерттеу тақырыбының обьектісі -



бет5/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Надира док

Зерттеу тақырыбының обьектісі - Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
І-Тарау. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізі


1.1 М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы


Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы).
Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.
Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.
Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады.
Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақты азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді.
Мағжанның өмірі мен шығармашылығын төмендегі сызба арқылы қысқаша суреттеуге болады.


Сызба 1. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қысқаша маңызды сәттері


Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.
1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.


Сызба 2. Мағжан шығармашылығының тақырыбы


Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді («Шын сорлы»)халқын өнер білімге шақырды (« Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Сорлы қазақ», «Өнер!білім қайтсе табылар», «Балалық шақ»). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады («Жас келін», «Зарлы сұлу», «Сүйгеніме», «Алданған сұлу»).
Ағартушылық реализмі өрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (« Жарыма», «Есімде...тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін»). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жарлы жан», «Айға»). Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.
Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалың сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыбы айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қайрап шындайды («Орал тауы», «Қазақ тілі», «Тез барам», «Түркістан», «Тұранның бір сауында», «Орал»).
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән («Сүй, жан, сәулем»). Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. («Айда атыңды, Сәпсемба», «Шойын жол»). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Жұмабаев ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрады. Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын «кенестік ағысты» жатсынған жоқ. Оған «Қызыл жалау» өлеңі, «Тоқсанның тобы» атты өлеңдер куә.

Сызба 3. М. Жұмабаевтың шығармалары
Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі - Ташкенте басылып шықты. Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызметі - педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922-1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялады.
М.Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды.



Сызба 4. Мағжанның атқарған қызметтері


Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.


Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын қуғын-сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет