Тобының білім алушысы Ислямова Н. К



бет7/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Надира док

- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыга ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;
- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке ерекшелігіне сай сұрыптап береді;
- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде құрады.
Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне, әдіс-тәсіліне баға берген кезде оның сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару керек. Мұндай мұғалім тек түсіндіруші ғана емес, түсінуші (Неге олай оилайсың? Сен бұны қалай шығардың?), үйлестіруші, окушы пікірі мен дәлелдеріне құрметпен қарайтын адам болуы тиіс. Мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерінің бәрін есепке ала білуі керек, оған оқушының қалай жауап беретіндігін калайтындығы (орнында тұрып па, тақтаның алдыңда ма?), ауызша түсіңдіргенді қалай ма немесе бейнелеп бергісі келе ме, әлде суретін сала ма, т.б. бәрі кіреді.
Бұл тұрғыда М.Жұмабаевтың мына пікірі еріксіз еске түседі: "Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Сонда ол ешбір ойын жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту сықылды ұнамсыз қулықтарға орын да болмайды". Кез келген мұғалімде мұндай біліктілік кәсіби шеберліктің жылдар бойы шыңдалуымен бірге қалыптасады.
Сонымен қатар курс барысында М.Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектеріңдегі сабақ ұғымын ашуға көңіл бөлінді. Себебі қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық-технологиялық өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға себеп болып отыр.
Сабақта оқу-тәрбие үрдісінің барлық педагогикалық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс табады. Оның нәтижелілігі - оқушының білімді дұрыс меңгеруінің шарты. Сонымен қатар сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы зор. Әдістемелік тұрғыдан шебер, педагогика-психологиялық тұрғыдан сауатты, дидактикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған сабақ оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелілігінің кілті деуге болады. Бұл туралы ағартушы ғалым М.Жұмабаев мынадай ойлар айтады: "Тәрбиеден мақсұт -баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару", ал "...балага білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек". Ғалым сабак барысында орындалатын орекетке мүқият болуды айтады: "...сыныпта отырганда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отыруынан, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар абай болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып сыныптың ауасын тазарту керек", сонымен қатар "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтындықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, бала өз бетімен қайдагы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді" деп сол әрекеттердің мәнін ашып көрсетеді. Яғни "Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен куресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңгиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қыяып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек" екенін атап көрсетеді.
Сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру формасы. Сабақ жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты.
Оқытудың, ынталандырудың және бақылаудың, оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында оқушылардың дербес оқу жұмыстары мен ұжымдық жұмыстардың алуан формаларын үйлестіретін, анағұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын тандау қажеттін бүгінгі танда толығымен дәлелденіп отыр.
Жоғарыда атап өткеніміздей, білім беру саласындағы ең бір жауапты міндет — қоғам мүшелерін әлемдік рухани құндылықтар мұрасымен сусындата отырып, ұлттық болмыс негізінде тәрбиелеу. Ұлттық педагогиканың негізгі мәселесі ұлтжанды, ар-ұяты мол, саналы азаматтар тәрбиелеуде М.Жұмабаев, сынды дара тұлғалардың шығармашылығын оқытып-үйрету, оны үлгі ету - бүгінгі мектептің алдында тұрған келелі іс. Осыған орай М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытов шығармашылығын, педагогика-психология саласындағы еңбектерін білім беру саласына енгізудің мынадай бағыттарын ұсынуға болады.
1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты элективті курс жасау.
2. Оку-тәрбие жұмысын жоспарлауда ғалымдардың педагогика және психология саласында жазған еңбектерін басшылыққа алу.
3. Ағартушы ғалымдардың идеяларына негіздей отырып, балаларға педагогикалык бақылау жүрпзу және коррекциялау.
4. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алу.
5. Оқушылардың оқу еңбегін белсендіру мақсатында танымдық тапсырмаларды құруда ағартушы ғалымдардың идеяларын негіз ету.
6. Сабақ құрылымын жасауда, сабакты жоспарлауда ағартушы ғалымдардың идеяларына негіздей отырып, өзгертулер енгізу (процесуалдық аспектіде).
Олардың сол кездегі айтқан озық ойлы тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті. Баланы заманына лайық етіп оқытып, тәрбиелеу керек " деген Мағжан пікірі бүгінгі күн үшін айтылғандай.
Арнайы құрастырылған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсында мұғалімдердің бастапкы дайындық деңгейлерінің міндетті түрде ескерілуін ұстандық. Сонымен қатар мұғалімдердің бірлесе әрекет ету үшін өзара қарым-қатынасқа түсуін тиімді жолға қою мақсатында арнайы тренингтер қолданылды. Соның ішінде курсқа келген барлық категориядағы топтарға икемдей отырып жүргізуге әлеуметтік-психологиялық тренинг пайдаланылды. Курстың мониторингтік модулінде тындаушылардың өз біліктіліктерін бағалау, алған білім мазмұнына қанағаттану, жалпы курстың ұйымдастырылуына және т.б. іс-шаралар бойынша қанағаттану деңгейлерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізілді. Соңында тыңдаушыларға болашақ бақылауға арналған "зерттеу-күнделігінің" үлгісі ұсынылды.
Мұғалім зерттеу жұмысымен шұғылдануы үшін зерттеу тақырыбы оның күнделікті кәсіби әрекетімен тығыз байланысты болуы керек. Жоғарыда айтылған ойларымызды жинақтай келе, ағартушы ғалымдардың идеяларының бүгінгі күнгі білім беру тақырыбымен өзектестігін ерекше атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет