Тобының білім алушысы Ислямова Н. К


М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы



бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Надира док

1.2 М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы

Бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігі соңда: оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға болады. Сондықтан да М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (Б.Әлмұханбетов, К.Қожахметова, М.Көпжасарова, А.Жайтапова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, К.Құдайбергенова, т.б.) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігі деп түсінеміз. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік. Ендеше курстық жұмыс барысында мынадай міндеттерді шешуге баса назар аудару қажет.


- М.Жұмабаевтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;
- М.Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану-
- М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын пәнді оқыту құралы ретінде пайдаланудың маңызын түсіндіру;
- М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының пәнді оқытуда пайдалану жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыра отырып, нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын М.Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлеріне сәйкес жоспарлап, сабақ барысында мақсатты пайдалану біліктілігін көтеруге қол жеткізуге болады.
Біздің отандық педагог, әлеумет және саясаттану ғалымдарымыздың тарапынан білім берудің ұлттық моделін жасау қажеттігі туралы мәселе көптен бері айтылып келеді. Ал XX ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаевтың еңбектері екені бәрімізге белгілі. Яғни ұлттық білім беру моделін жасау ұлттық ғылымның негізін қалаушылардың еңбегінен тыс бола алмайды.
Міне, соның негізінде М.Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің маңызы мен құндылығын тәжірибемен ұштастыру, олардың педагогикалык идеяларын сабақта пайдалану жолдарын жасау және оны педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру жұмысымен тығыз байланыста қарастыру мәселесі туындап отыр. Курс барысында М.Жұмабаевтың идеяларына негіздей отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жаңашыл идеяларды оқытуда пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіру ісіне де баса назар аударылды. 36 сағатқа жоспарланған курс барысында М.Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі мен олардың педагогикалық идеяларын оқыту әрекетіңде пайдалану жолдарына ерекше назар аударылды.
Бүгінгі тандағы білім беру парадигмасындағы өзгерістер оқыту үрдісінің басты субъектілерінің бірі - оқытушының тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дайындығына баса назар аудару. Бұл орайда оқыту ісіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы ағартушы ғалымдардың ой-пікірлері ден қоярлық. Қазақ халқының тәрбие ісі ғылыми тұрғыдан дами бастаған XX ғасырдың басыңда педагогиканы тұңғыш зерттеушілердің бірі М.Жұмабаев "Педагогика" еңбегіңде оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі - мұғалімге кеңінен тоқталған. Бұл пікірлердің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Мұны "...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді.
...баланы, заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырга көшуді естен шығармауға керек.
... Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде " деген пікірлері осы ойды дәлелдей түседі.
Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:
-сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді багалау, бекіту кезінде есепке алады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет