Тоқболат Еңсегенұлы



бет4/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31938
1   2   3   4   5   6

Мысалға, Дулат руының таңбасы деп белгіленген, осы таңба Енисей жазуындағы –латынша “У”, қазақша “йе” дыбыстық мағына беретін әріптің нақ өзі. Жоғарыда аты тізіп айтылған рулар таңбасы да негізінен осындай дөңгелек шеңбер, бірақ сол дөңгелек шеңберге қосымша бір немесе екі сызық енгізілген. Бұл қосымша сызық енгізілген таңба сол рулардың түбі өзара туыстас, ағайындас екенін танытады. Мәселен, негізінен дөңгелек шеңберді сақтап, соған сызық енгізіп, өзіндік таңба еткен Дулат, Албан, Суан, Ботбай, Сайым рулары Ұлы жүз құрамына енеді. Орта жүзде Қоңырат таңбасы –“П” қазақ халқының дәстүрінде “қасиетті, киелі босаға” деген ұғымды білдіреді. Бұл наным түркілердің тәңірге табыну қағидасында сақталып, бізге жетіп тұр. Сол “П” деген белгі Енисей жазуында латынша “в”,қазақша “б” дыбыстық ұғымды танытады. Ш.Құдайбердіұлы жинаған таңба-белгілерде қаңлы таңбасы “І” деп белгіленген. Бұл бұрын айтқанымыздай, көне түркі руна жазуындағы “І” қазақша “С” дыбыстық ұғымды білдіреді. Найман руының таңбасы деген белгі көне түркі руна жазуындағы (Л) әрпінен айнымайды. Керей руының таңбасы деп, немесе Зайсан, Өр Алтайды қоныстанған ашамайлы керейлер таңбасы деп белгіленген. Бұл таңбалар көне түркі руна жазуындағы деген латынша “d”, қазақша “д” дыбыстық мағына танытатын әріптің өзі. Академик Ә.Марғұлан жинаған көне түркі және қазақ халқының белгі-таңбалары саны жағынан алдыңғы тұлғалар жинаған белгі-таңбалардан біршама көбірек. Мұнда алдыңғыларда айтылған таңба-белгілердің бірсыпырасы қайтадан кездеседі. Соған орай Ә.Марғұлан жинаған, тау шатқалынан өзі қағазға түсірген белгі-таңбалардың ішінен әлі сөз етпегендерін ғана алып, көне түркі руна жазба алфавитімен салыстырып, өзара ұқсастықтарын көрсетейік.

Ә.Марғұлан еңбегінде келтірілген Баят ұлысының таңбасы деп белгіленген (6,132-б.). Осы таңбалардың бірінші тұрғаны қазақ еліндегі Албан руының таңбасынан айнымайды , ойландыратын көрініс. Баят таңбасындағы екінші тұрған мына белгі көне түркі руна жазуындағы – - латынша “b”, қазақша “б” деген дыбыстық ұғымды білдіретін әріпке біршама ұқсас. Ал Баяттың үшінші таңбасы «» көне түркі руна жазуындағы « » латынша”t”, қазақша “т” деген дыбыстық мағынаны білдіретін әріптен ешқандай айырмасы байқалмайды. Бетпақдаладағы Салор Қазан таңбасы – көне түркі руна жазуындағы- - латынша “іc”, қазақша “ич” деген дыбыстық мағынаны танытатын әріптің көшірмесі десе келеді. Ә.Марғұланның айтуынша Ноин-Ұла (ғұндар) таңбасы-көне түркі руна жазуындағы – латынша “S”, қазақша “Ш” деген дыбыстық мағына беретін әріпке едәуір ұқсайды. Сондай-ақ, Кіші жүздегі шекті (Әлім) таңбасы көне түркі руна жазуындағы латынша “n және z”, қазақша “н және з” деген дыбыстық ұғымдарды білдіретін әріпке айрықша ұқсайды. Тізе берсе мұндай бір-бірінен айнымайтын, ұқсайтын таңбалар мен көне түркі руна алфавиті жетерлік. Қытайдағы қазақ тарихшысы Н.Мыңжан қазақ таңбалары жайлы сөз қозғау барысында: “Төртқара таңбасы - ; Шекті таңбасы – , Әлім таңбасы – ,-деп жазады (7,54-б.). Осындағы шекті таңбасындағы алдыңғы белгі Енисей жазуындағы – , латынша “R”, қазақша “Р” деген дыбыстық мағынаны танытатын алфавитке ұқсайды. Әлім таңбасы руна жазуындағы – , латынша, «ПС», қазақша деген дыбыстық ұғымды білдіретін әріпке сәйкес келеді. Таңба жайлы сөз қозғаған бірсыпыра мамандардың ұйғарымынша ‘’Түрік-Орхон жазба алфавитінің 38 белгісінің 29 белгісі түркі руларының таңбасына ұқсас, бірақ бұлар әр қырынан көрсетіледі’’,  деп пікір білдіріпті (8,548-б.). Бұл, біріншіден, нақты дерек жинамай, бабалар жасаған таңба-белгілерге жете үңілмей, жобалап айта салған сөз.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет