Тоқболат Еңсегенұлы


көне түркі руна жазуының бірталайы көне түркі және қазақ халқының таңба, белгілерінің негізінде жасалынды



бет6/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31938
1   2   3   4   5   6
көне түркі руна жазуының бірталайы көне түркі және қазақ халқының таңба, белгілерінің негізінде жасалынды. Заман ағымына орай, кейін пайда болдған түркі ру, тайпаларының бірнешеуі көне түркі руна алфавитінің кейбірін өздеріне ру таңбасы ретінде пайдаланды. Бұл көне түркі руна алфавиті ежелден жасалынып, қалыптасып, халық арасына кең тарағанын байқатады. Құнды мәселенің бірі – көне түркі руна жазуының туып қалыптасқан дәуірі жөнінде де осы кезге дейін ғылыми тұрғыда орынды тұжырым жасалынбады. Бұл іс жайлы қазір ой білдіріп, зерттеу жасап жүргендер онша байқалмайды. Себебі, ХІХ ғасырдың аяғында біраз аймақтардағы самсаған тастарға ойып түсірілген көлемді руна жазулары көне түркі мұрасы екенін білгеннен кейін Еуропа шығыстанушылары бұл жазбаларды әрі қарай зерттеуге онша ықылас білдірмеді. Өйткені, олар осы жазба ескерткіштер өз халқының жәдігері емес екеніне көзі жетті. Бірақ, көне түркі руна жазба ескерткіштерін оқу кілті табылған тұста Еуропа шығыстанушылары Э.Добльхофер, В.А.Истрин және басқалар: руна жазуы – өте ескі жазу түрлері. Бұл жазуды ең алғаш көне Герман тайпалары қолданған, сосын скандинавтықтар да пайдаланған, әрі қарай славяндықтарға тараған деген жорамал жасады. Олардың ұйғарымынша руна жазуының туып, қалыптасуы Батыс Еуропа жақтан басталған болып шығады. Бірақ, осы руна жазуының пайда болған дәуір, кезеңі жөнінде олар тұжырымды ештеңе айтпады. Еуропа шығыстанушыларының өзгелері бұл мәселе жөнінде үндемей қалғаны–алғашқы жазба мәдениеті шығыста пайда болғанын олар жақсы біледі. Соған сәйкес, біріншіден, Шумер мен Қытайлықтардың пиктографиялық, яғни сурет жазуы және идеографиялық ұғымды білдіретін әрпі көне түркі руна жазуымен тамырлас. Өйткені, көне түркілер ежелден мекендеген Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі жазудың алғашқы түрлері пиктография және идеографиялық жазу екеніне көне түркі руна жазуы мен таңба, белгілерді салыстырып талдағанда айқын көз жеткізгендей болдық.

Екіншіден, Шығыстағы шумер, қытай, жапондар көне түркілер сияқты бағзы заманда көкке табынды. Бұл пікірімізді Ч.Өмүралыуулуның: ‘’Оңтүстіктегі зор қоңсымыз қытайлар Көк Тәңірге табынған. Қытайлар Көкті Тхян дейді. Жапондар Тэн дейді. Қытай тілінде “Р” дыбысы жұмсарып, жоғалып айтылады. Қалай айтқанда да ‘’Тәңір’’ деген сөзбен кіндіктес”,деп жазғаны нақтылай түседі ( 9, 30-б.). Біз көне түркілердің бас таңбасы жайлы мәлімдедік, көрсеттік, шумерлердің бас белгісі –“Диңгир” , ‘’Шоқ жұлдыз’’– екенін ретті тұста білдірдік. Көне қытайлардың бас белгісі – “гүлденген бұтақ”. Бұл “түп бабадан (бас құдайдан) тараған ұрпақпыз” деген мағына береді. Үшіншіден, Шығыстағы шумер, қытай және көне түркі жазбаларының туып, қалыптасу дәуірі де уақыт жағынан онша алшақ емес. Әуелі шумер жазуының дүниеге келу кезеңін қысқа ғана мәлімдесек, осы ел мәдениетін арнайы зерттеген А.Бахти: уақыттың сол кездегі практикалық талабына орай шумерлердің сына жазуы б.з.б. 2000 жылдар шамасында пайда болғанын мәлімдейді (1,45-б.). Бірақ, ол бұл жазу пиктографиялық немесе идеографиялық жазудың қайсысына жататынын ашып айтпайды. Ал қытай жазба мәдениетінің дәуірі жөнінде Ф.С.Быков: ‘’Көне қытай нанымы мен мәдениеті туралы Инь (б.з.д ХҮІ-ХІ ғғ.) және батыстағы Чжоу (б.з.д.ХІ-ҮІІІ ғ.ғ.) дәуіріндегі материалдарға сүйеніп айқын айтуға болады. Бұл орайда иньдердің тасбақа қалқанына, малдың сүйегіне түсірген ойлан тап жазбалары және металлға түсірген Чжоу жазбалары айрықша маңызды’’,деп тұжырымдайды (10,31-б.).

Бұл ғалым да қытайдың сол аталған кезеңдердегі қолданған жазуы – сурет жазу ма әлде бір ұғымды білдіретін таңба жазу ма, қайсысы екенін жобалап та білдірмейді. Түйіндей білдірсек, шумерлер жазуы көне түркілер мекендеген Хорезм жазба мәдениетімен(б.з.б. ҮІІІ ғ.) қатарласа шыққаны бұрынғы жазған еңбекте талдап тұжырымдадық (2). Ал қытай жазуы шумерлер жазуының ізін ала көріне бастады. Қытайда бірінші шумерлерде қалыптасқан иероглиф жазуы әлі сақталып келеді, көшірмесі емес, өздерінше жасалған. Көне түркі жазуының әлемде алғашқылардың қатарында қалыптасқандығына тағы да дәлел келтіріп нақтылай түссек, танымал ғалым Ә.Бекділдаұлының: ‘’Дала пайғамбары Зороатуштра шамамен б.д.д. үш мыңжылдықтың басында өмір сүрген. Ол сақ тайпалары біріккен кезеңде даналығымен танылып, дала мәдениетін жаңа сатыға көтерді. Ойшылдардың жасампаздық жұмыстарының нәтижесінде жазу өнері дүниеге келді. Мұндай өркениетті халық далалықтардан шыққан кенгір тайпасы еді’’,деп жазғаны (11), бұл мәселе туралы біздің бұрыннан көз жеткізе айтқан –Орта Азияда жасалған алғашқы жазу мәдениеті көшпенділер арқылы жан-жаққа тарады, деп қорытқан тұжырымымызбен сәйкестік табады. Бағзы заманғы бабаларымыздың сондай өркениетке бастаған озық істері дүниедегі көптеген елдерге тарап, тұрмыс тірлігіне еніп, рухани мұрасына айналғанын Ә.Марғұланның:’’Ғұндар туралы әдемі хикаялар, әсіресе, Скандинавия жырларында, германның ескі эпостарында (Нибулин) кездеседі. Ғұндардың жарқын бейнесі Скандинавияның “Ұлы Эдда”, “Кіші Эдда” сияқты дүниежүзілік әдебиетінің сюжеті болып табылған”,деп жазғаны пікірімізді бұрынғыдан да нақтылай түседі ( 12, 178-б.).

Бұл келтірген деректер мен тұжырымдар көне түркі мәдениеті Скандинавия мен Германия жеріне де тарап, руна жазуы олардың өміршең шығармаларының туындауына ықпал жасаған болар деген болжам туындайды. Сонымен, көне түркі руна жазуы–бабаларымыздың көшпелілер мәдениетін, өркениетін жаңа сатыға көтеруінің әсерімен, олардың өмірге бекем енгізіп, пайдаланылған ру, тайпа таңба белгілерінің негізінде тым ерте дәуірде қалыптасып, толысып, өріс тапқан төл жазуы. Көне түркі руна жазуының туып, қалыптасып, өркендеген тұстарын ұзақ зерттеуден кейін шамамен үш кезеңге бөліп топтауға мүмкіндік туындады. Біріншісі, сақ тайпалары бірігіп дәуірлеген, Тәңірге табыну діні қалыптасқан (б.з.б.VІІІ-VІІ ғ.ғ.) замандағы түркі руна жазуы. Екіншісі, шамамен б.з.б. VІ-ІІІ ғасырлардағы Ғұн руна жазуы. Үшіншісі, қағандық дәуірдегі (б.з.VІ-VІІІ ғ.ғ.) түркі жазуы. Әрине, көне түркі руна жазуының түп-төркіні б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар аралығында жасалған деп кесіп тастауға бола қоймас, мүмкін одан да бұрын шығар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бахти А. Шумеры, скифы, казахи. Алматы: «Кочевники», 2002, 215 с.

2. Еңсегенұлы Т. Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары (Тәңірлік дәуір әдебиеті).

А: Білім, 2001, 289 б.

3. Сүлейменов О. «Аз и Я». А: «Еңбек», 1992, 295 б.

4. Қашқари М.Түрік сөздігі. ІІІ-том. Алматы: Хант,1998, 501 б.

5. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі.

Алматы: Қазақстан, 1991,200 б.

6. Марғұлан Ә. ‘’Тамғалы тас’’ жазуы // Жұлдыз.№ 1,1984.

7. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы: Жалын, 1994.

8. Қазақ Совет энциклопедиясы. 10-том.Алматы:1977, 650 б.

9. Өмүралыуулу Ч. Теңирчилик. Б.Крон, 1994,286 б.

10. Быков Ф.С. Зорождение общественно-политической и

философской мысли в китае. М: Наука 1966,240 с.

11. Бекділдаұлы Ә. Зороатуштра // Қазақ батырлары 1998, № 1.



12. Марғұлан Ә. Ойсылқара // Жұлдыз, №4, 1984.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет