Тоқболат Еңсегенұлы



бет5/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31938
1   2   3   4   5   6

Мәселен, осы жазып отырған жұмысқа қайта зер салайықшы. Мұнда тек ұқсас ғана емес, бір-бірінен айырмасы ешқандай байқалмайтын, көне түркі руна алфавитіне айналған көптеген таңбаларды келтіріп салыстырып көрсеттік. Бұл мәселені арнайы зерттемей, қолға алып отырған тақырыптың қажетті тұстарына орай сөз арасында айтып отырғандықтан көне түркі руна алфавитінің дәл өзіндей бірталай таңбаларды тізбектеп келтіре беруді қажет деп таппадық. Сонда да тағы, көз жеткізу ниетінде солардың бір, екеуін атап көрсетейік. Мысалға Кіші жүздегі Таз руының таңбасы көне түркі руна жазуындағы латынша “O,u”, қазақша “О,У” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Алаша руының таңбасы  руна жазуындағы және деген дыбыстық мағынаны танытады.

Адай руының таңбасы  көне түркі руна жазуындағы латынша , қазақша “Ғ” деген дыбыстық мағынаны көрсетеді. Осы таңбалар көне түркі руна алфавитіне өзгеріссіз еніп тұр. Айрықша білдіреріміз, осылай салыстыра зерттеу барысында байқалғаны  қазақ халқының ру таңбаларының бірталайы сол қалпында руна алфавиті болып қалыптасыпты. Оған мына тек Кіші жүз тайпасынан ғана алған Таз, Алаша, Адай руларының таңбасы айғақ. Екіншіден, Қазақ Совет энциклопедиясында қазақ халқының ру, тайпаларының атын атап және таңбасын келтіріп, арнайы кесте жасап жариялаған. Осы кестеде әр ру таңбасына сол белгінің сыртқы пішініне қарап атау берген. Мысалға Жалайыр руының таңбасы мынау , осы таңбаға ‘’Тарақ’’ деп атау беріпті. Дулат таңбасы – , мұны “Дөңгелек таңба”деп атаған, сол сияқты, Найман таңбасы  “Бақан”, Қыпшақ таңбасы “ІІ” “Қос әліп”, Алаша таңбасы   “Бақан” деп атапты ( 8,549-б.). Бұл қазақ халқының ру, тайпалары таңбаларының өзіндік ерекшелігіне, маңызына мән бермегендік, тіпті білімсіздіктен сайқымазаққа айналдырғанға ұқсайды. Осы таңбалар түркі-қазақ халқының дүниетанымының кеңдігін, тереңдігін танытады. Мәселен, Жалайыр руының таңбасы  Тәңірге табыну нанымы қағидасы бойынша үш қатпарлы дүние –Көк, Жер, екеуінің ортасын жалғаған Кісіұлы. Үштіктің де өздерінше жолы бар. Бірақ еркі Тәңірге барып қосылған. Дулат таңбасы –Тәңір мекендеген көк аспанның символы. Найман және Алаша таңбалары нұрлы көкті, Қыпшақ таңбасы Тәңірге тартар, мақсатқа жетелер жолды білдіреді. Бұрын айтқанымыздай, көне түркілердің тарихы, мәдениеті, наным, сенімі, жазуы, кәсібі, бәрі-бәрі осы таңба белгілерде шоғырланып жатыр, тек таңба-белгілерді білімділікпен сөйлете білу керек.

Үшіншіден, таңба-белгілердің сол күйінде бәрі бірдей көне түркі руна алфавиті болып қалыптасуын талап ету көңілге қонбайды. Таңба-белгілер өмір қажеттілігіне, мәдениеттің ілгері дамуына, көрші елдермен қарым-қатынасқа, тағы басқа әсер ететін себептерге байланысты біршама толықтыруға, өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Мысалға, әлем мәдениетінің алғашқы бастауы атанған Шумер жазуы бірінші кезде өмірдегі зат, болмыстың тура суреті  пиктография арқылы немесе жобалау, таңбалау арқылы жасалыныпты. Осы саланы зерттеген ғалым А.Бахтидің еңбегінде көрсетілгендей, шумерлердің б.з.бұрынғы 3300 жылғы жазуында өздері табынған көк пен жаратушыны –-жұлдызша суретпен, жерді жолақ сызықтар тартылған көлденең салынған сопақ шеңбермен, тауды үш шың өркешімен, дәнді – қылқанды егіс басын салумен, өгізді, адамды солардың бас суреті арқылы, балық, құсты –солардың суретін тұтастай салумен, суды-қосарланған екі толқын сызықпен көрсеткен (1,25-б.). Шумерлер жазуында бір белгі тура мағынасында бір сөзді білдіреді. Шумерлердің осы алғашқы жазу белгілері кейін біртіндеп өзгеріске түсті. Төртіншіден, біздің пайымдауымызша, көне түркі және қазақ халқының ру, тайпа таңба-белгілері айғақтап жария ету және өшірілместей етіп сақталуы үшін көрнекті жердегі жақпар тастарға қашап ойып түсірілген, әсіресе, қазақ халқында бірнеше тайпалар бірлесіп, бір ыңғайлы мекенді таңдап, сондағы жақпар тастарға өз таңбаларын ойып салып қалдырған. Еліміздегі кейбір тау қойнауларының ‘’Тамғалы тас’’ атануы соған байланысты. Қысқасы, көне түркі руна алфавиті де сондай, “ойма жазу” деп аталынады. Тайпа, ру таңбалары мен көне түркі руна жазуының алғаш тас бетіне түсуінде де назар аударарлық бірыңғай ыңғайластық бар.

Бесіншіден, тайпа, ру таңбалары көне түркі руна алфавитіне айналғанда бұрынғы бір ұғымды, яғни, ру атауын білдіретін міндетін сақтап қалатынын есте ұстап, руна әрпі орнына жүргізуге кедергі ретінде санау  үстірт айтылған, ойсыз пікір ретінде танылады. Кез-келген таңба көне түркі руна алфавиті міндетін атқарғанда жазу әрпіне қойылатын талап – бір дыбыстық мағынаны білдіретінін есте ұстау керек. Осы ғылыми тұжырымдарды түйіндеп білдірсек,


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет