Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынын кеңінен тарату, қызықтыру, ойынның тура мүмкіншіліктерін, құпиялары мен сырын түсіндіру, әуесқой жас өркендерді осы ойынға үйрету және олардың өз шеберлігін жетілдіруге көмектесу.
Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынын кеңінен тарату, қызықтыру, ойынның тура мүмкіншіліктерін, құпиялары мен сырын түсіндіру, әуесқой жас өркендерді осы ойынға үйрету және олардың өз шеберлігін жетілдіруге көмектесу.
Міндеті: тоғызқұмалақ ойынын меңгере отырып оқушының өз бетімен ойлау қабілетін қалыптастыру. Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің қажетті деңгейін арттыру.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасы халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
Ежелден бері келе жатқан ұлттық болысымызға сіңісті әртүрлі ойындар бар. Оны ретіне қарай жас та, жас емес те ойнайды.
Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ – бүгінде өзінің даму сатысында екенін айта кеткен жөн.
Тоғызқұмалақ- біздің ұлттық мақтанышымыз. Шахматты ойлап тапқан елді ақылды,дана дейді. Ал, тоғызқұмалақ шахматтан да күрделі, ендеше оны ойлап тапқан біздің ата-бабаларымыз бізге дүниеде теңдесі жоқ осы мұраны қалдырған.
Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик-жазушы Мұхтар Әуезов, халық әртісі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М.Ибраев пен шахматшы Е.Браундардың сіңірген еңбектері өте зор.
Тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 ж өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов(Семей), А.Жөкеев(Қарағанды), О.Қаржауов(Семей), Ш.Өтегенов(Жамбыл) сияқты тоғызқұмалақшылар қатысты. Республиканың тұңғыш чемпионы Ш.Өтегенов болды. 1948-1960 ж. Аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан 6 жыл бойы Рахымбай Ахмамбетов 1-ші орынды жеңіп алап отырды. Кейін көп жылдар бойы Қостанайлық жерлесіміз Д.С.Поляков 1-ші орынды жеңіп алып отырды .
Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой спорты – тоғызқұмалақ аласапыран заманының әлегінен ұмыт бала жаздап, ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. Енді еліміз егемендігін алған соң, ата-бабадан қалған ұлттық алтын мұраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді олимпиядалық ойындармен теңестірмесек, онда келешек ұрпақ алдында парызымызды өтей алмай, ұяты боларымыз анық.