Тоғызқұмалақ үйренейік! 1 сабақ



бет5/14
Дата20.01.2022
өлшемі67,86 Kb.
#129543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тоғызқұмалақ үйренейік

Бірінші есептеу жолы.  Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін әрқашанда сол отаудың ойынды жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған әр цифрдың арасына қосу белгісін қоямыз да, қорытынды санын шығарамыз. Мысалға 3-отауда 17 құмалақ бар десек, оны біз былай деп бейнелейміз: 3+1+7= 11.

Бұлай есептеп ойнағанда ойынның келесідей ережелерін есте сақтаған дұрыс:

а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.

ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды алып тастаймыз.

б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе 20-дан артық болса, қосындыдан 19 аламыз.

в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.

д) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.

Енді осы ережеге сүйене отырып, жоғары мысалдағы соңғы құмалақтың 1–ші отауға барып түсетінін білеміз, себебі біздің есебіміз былайша өріледі: 11–10=1. Яғни ереженің а) нұсқасында көрсетілгендей, қосындылардың қорытындысы 10 санынан асып тұр, сондықтан біз 11-ден 10-ды аламыз. Нәтижесі белгілі.

Жоғарыда айтқандарымыз түсінікті болу үшін, ойынның мына төмендегідей бес жүрісінен кейін пайда болған позицияны (№ 1 – диаграмма) қарап өтелік.

  

                                                                            № 1 диаграмма

                                    9     8     7      6      5     4      3      2     1

3

13

1

5

1

14

14

3

1

 

 Х

3

2

15

3

16

Х

5

14

5

 Х

                                   1      2      3     4      5     6      7     8      9

 

Жүріс кезегі ақ жағынан. Бұл позицияда оның бір ғана күшті жүрісі бар. Ол жүріс – үшінші отаудағы 15 құмалақты жүру. Сонда ол қарсыласының 8-отауынан 13 құмалақты ұта алады. Бірақ жарыс тәртібіне сәйкес жедел ойнау кезінде бұл жүрісті қалай тез табуға болады? Міне, біздің жоғарыда ұсынған әдісімізді қолдану осы жерде керек. Ол өзінің 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы қара жағының қай отауына барып түсетінін есептесе былай болады: 315=3+1+5=9-1=8. Яғни бұл жүрісте соңғы құмалақтың қарсыласының 8-ші отауына барып түседі деген сөз. Яғни оған 315:814  жүрісін жасау керек. Дәл осы есепті ауызша есептеу қажет екенін де ұмытпаған жөн.

Егер ол 7-отауындағы 5 құмалақты жүретін болса (75=7+5=12-10=2), қара жағының 2-отауындағы үш құмалақты ұтып алады екен (75 : 24  жүріс). Ал егер 8-отауындағы 14 құмалақты жүретін болса (814=8+1+4=13-10=3) соңғысы өзінің 3-отауындағы 15 құмалаққа келіп түсіп, ол отауды жабады екен (814 – 316  жүрісі). Бұл екі мысалда да қосынды 10-нан асқандықтан, қосындыдан 10-ды шегердік.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет