Екінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз. Мысалға 3-ші отауда 17 құмалақ бар, яғни біздің есебіміз былайша жазылады: 3+17=20):
Сосын алдыңғы есептеу тәсілінде көрсетілген ойынның 5 нұсқадан тұратын ережелерін жүзеге асырамыз.
Бұл айтқандарымыз түсінікті болу үшін, жоғарыдағы бірінші есептеу жолында келтірілген мысалдарды қайта қарап өтелік (бұның алдындағы нөмірдегі № 1– диаграмма). Ақ жағының 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы қара жағының 8-отауына түсетінін дәлелдеу үшін отаудың рет саны мен құмалақ санын қоссақ – 18 болады. Ал бұл қосынды 10-нан артық болған соң одан 10-ды шегердік. Сонда қалдық 8, яғни соңғы құмалақ қара жақтың 8-ші отауына түсетінін білеміз (315=3+15=18-10=8).
Тағы бір мысал, ақ жағының 7-отаудағы 5 құмалақтың соңғысы (75=7+5=12-10=2) қара жағының 2-отауына түседі (бұл да сол сияқты) немесе 8-отауындағы 14 құмалақтың соңғысы (814=8+14=22-19=3) өзінің 3-отауына (енді қосынды 19-дан көп болғандықтан қосындыдан бұл жерде 19-ды шегердік) барып түседі.