«Толағай» спорттық сайысы
Жүргізуші:
Бүгінгі «Ел болашағы- білімді ұрпақ» атты апталығында өтетін «Толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- Ойын залына 2 «А» сынып оқушыларынан құралған «Сұңқар», «Қыран» тобын ортаға шақырамыз
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 2 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Желаяқтар»
ІІ кезең «Жемістерді егіп кел де, жинап ал»
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?»
ІҮ «Ойлан, тап!»
Ү «Кенгуру»
ҮІ кезең «Арқан тартыс»
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Аманбекова Айгүл
2.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Ермағанбетова Әлия
3. Мектептің психологы – Исаева Әйгерім
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Қуатбаев Жақия
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
І кезең: «Желаяқтар»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді
Достарыңызбен бөлісу: |