Төлегенов Абылай ІX сынып Виртуалды тәуелділік. Себептері,салдары, ұсыныстар Бағыты



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі1,15 Mb.
#34104
1   2   3
Сурет 2

(Ата-анаға жаднама)




Сурет 3

(Балаға жаднама)





График 1 График 2


Қорытынды
Компьютердің біздің өмірімізге ен­ге­ні­не көп болмаса да, ол балаларымыздың са­насын асқан жылдамдықпен жаулай бас­тады. Мәселен, көршіміз Қытайдағы 87 мил­лион компьютер қолданушылардың 4 мил­лионы компьютерлік құмар ойын­дар­ға тәуелді көрінеді. Уақыт өткен сайын ком­пьютерге телмірген тәуелділер қатары кө­беймесе, азаймайды. Өйткені соңғы уа­қыт­тағы дағдарыстың салдарынан жұ­мыс­сыз қал­ғандар, уақытында отбасын құра ал­ма­ған кәрі қыздар мен егде жігіттер, әлеу­меттік жа­ғынан қамтылмаған, қан­дай да жолмен бол­са да оңай жолмен ақ­ша табуға ұм­тыл­ған кедейлер, әке-ше­ше­сі­нің арқасында қай жерді басарын біл­мей жүрген бай балалары, сол сияқты қиял әле­міне еніп, шыға алмай қалған, жүйке жү­йесі нашар, өз еркіне ие бола алмайтын адам­дар – бұлардың бәрі де осы виртуалды өмірдің тұтқыны.

Сон­дықтан сиқырлы көк жә­шік­тің ал­ды­на тек алдыңызға қойылған мақ­сат­ты орын­дау, яғни еңбек етуіңізге керек бол­ған кезде ғана пайдаланып, одан тыс уа­қыт­та жүйкеңізді бұзып, уақытыңызды бос­қа өлтіретін компьютерлік ойындардан ау­лақ болғаныңыз жөн. Осыны өзіңіз ғана бі­ліп қоймай, әлі өмірге көзқарасы қа­лып­таса қоймаған балалардың да сана­сы­на жай­лап сіңіру сіз бен бізге міндет. Өйт­кені мем­лекеттің басты байлығы – Адам. Ал оның­ денсаулығы мықты, ерік-жі­гері күшті, жан-жақты дамыған, білімді, бі­лікті бо­луы – ұлттық саясатымыздың бас­ты ұстанымы. Олай болса, компьютерді мең­геруде де оның жақсылығын бо­йы­мыз­ға сіңіріп, жа­ман­шы­лы­ғынан қорғана, қор­ғай білейік. Өйткені не нәрсе болса да қалыптан асып кеткенде, адам­ды дертке ду­шар етеді.Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биікке көтерейік!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам! Шектен шыққан нәрсенің бәрі харам» деген сөз бар пайғамбар хадисінде. Қатары күн санап өсіп бара жатқандарға осы бір қарапайым ғана қағиданы басшылыққа алса жөн болар еді... Жұмысымның нәтижесін жаным сұлу, тәнім сау, аманат еткен тәуелсіз еліміздің кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биікке көтерем деген әрбір жасөспірімге, әрбір жастарға, әрбір азаматтарға ұсынамын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кенджи.Б «Ғасырдың өлім тұзақтары» KATEV Халықаралық қоғамдық қоры, 2007 жыл, 28 – 46 бет
2. Ботабаев Қ. «Деніңіз сау болсын !» Алматы «Қайнар», 1988 жыл, 114-119 бет
3. Антонов Г.С. «Қалай демалу керек?» Алматы «Қазақстан»,1986 жыл,324 бет
4. «Компьютерлік тәуелділік немесе еліміздегі әрбір бесінші баланың басы неге ауырады» Айқын газеті 2009 жыл, № 58, 4 бет
5. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология- СП., 2004-168 бет.

6. Жұмағалиев А, Сакипов С. «Табиғат ортасы және адам денсаулығы» Алматы,1989 жыл ,54 бет


7.Республикалық,облыстық,аудандық басылымдар (газет,журналдар)
8. Интернет сайттары www.navigato.ru, www. google .kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет