Төлегенов Абылай ІX сынып Виртуалды тәуелділік. Себептері,салдары, ұсыныстар Бағыты



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі1,15 Mb.
#34104
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі


Төлегенов Абылай

ІX сынып
Виртуалды тәуелділік. Себептері,салдары, ұсыныстар


Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді

математикалық модельдеу



Секция: ІІ информатика
Жетекші:

Қайсағалиева Бақытгүл

Теміртасқызы

жоғары санатты

информатика пәнінің мұғалімі

Алматы - 2011

Ж о с п а р

І.Кіріспе сөз


1.Компьютер және денсаулық
ІІ. Негізгі бөлім

2.1 .Виртуалды тәуелділік деген не?


2.2. Виртуалды тәулділіктің себептері мен салдары

2.3. Жасөспірімдер мен халық қалаулыларына ұсыныстар


ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде. Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жастық шақ-өзгерістер белеңі, қоғамдық өмірдің маңызды орындарына ие болу кезеңі. Дүниеге есігін ашқаннан ата-анасының жанында еркін өскен жас буын уақыт өте келе достарына тәуелді болып,олардың ыңғайына қарай бейімделеді. Бұл кезеңде жастардың тұлғалық ерекшеліктері дами бастайды,қоғамдағы орнының белгілері қалыптасады. Осыған байланысты туындаған қиындықтар әлсіздік,жаттану және қарсы шығу секілді жағымсыз әрекеттерді тудырады.

Әдетсіз істерге көз жұма салу және маған ештеме болмайды деген ойлардың қалыптасуы жастық шақта кездеседі. Жас буын болашағынан гөрі сол сәттегі ләззатын ойланғаны үшін темекі, алкоголь,есірткі секілді зиянды заттарды қолдануға еш қиындықсыз бет бұра алады.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, техникалық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсер тигізетін негізгі факторлар:

•    ұзақ уақыт ішінде отырып жұмыс істеу жағдайы;


•    монитордың электрмагнит сәуле шығаруының әсері;
•   көздің қажуы, көруге жүктілік;
•    қол ұшы буынының артық жүктілігі;
•    ақпаратты жоғалтудағы күйзелу.
Адам компьютер алдында босаңсу жағдайында отырған сияқты, дегенмен бұл ағза үшін мәжбүрлі және ұнамсыз болып табылады: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттері күштенген жағдайында, осыдан омыртқаға  артық жүктілік, остеохондроз, ал балаларда – сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықтың отырғышы мен дене арасында жылу жыншуы пайда болады, бұл жамбас мүшелерінде қанның тоқтауына әкеліп соғады, мұнын салдарынан - простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу – ұзақ және ұнамсыз процесс. Бұдан басқа, аз қозғалыста өмір сүру жиі май басуға әкеледі.

Қол саусақтары жастықтарының жүйке негіздері пернеге үнемі соққаннан жарылады, жансыздану, әлсіздік пайда болады, жастықтарда түршігулер жүгіреді. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы болуы мүмкін.

Барлық пайдаланушылар өзінің ақпараттарының резервтік көшірмелерін жиі жасамайды. Ал вирустар ұйықтамайды және ең үздік фирмалардың винчестерлері де сынады және ең тәжірибелі бағдарламалаушы кейде керек емес батырмаға басып қалуы мүмкін... Осы күйзелістің нәтижесінде инфаркттар да пайда болған.

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, ол адамзат ба­ласына өзіндік игіліктерімен қа­тар, түрлі проблемаларын да алып келуде. Қазіргі кезде адамдарда вир­туалды әлемге, интернетке деген тәуелділік пайда болды .

Психикаға компьютердің, интернеттің әсері қандай? Менің ойымша өте пікірталасты. Ойынға деген құмарлық, интернетке-тәуелділік – бұл проблемалар қаншалықты маңызды? Компьютер адамдардың психикалық денсаулығына қандай әсер тигізеді? Осы проблемаларға әртүрлі пікірлер бар.

Менің бұл жұмысымды зерттеудегі мақсатым виртуалды тәуелділік проблемасы ғасыр проблемасына айналып бара жатқандығы, ол әлемнен сақтануға, жастарды салауатты өмір сүруге шақыру. Виртуалды дүние саласындағы кемшілікті шағыммен емес, құндылығымызға сай еңбек шығару арқылы толықтыра аламыз. Сол құндылыққа өз үлесімді қосу.



Болжамым: Виртуалды тәуелділік нәтижесі ретінде адамның тұлғалық бейнесі бұзылады. Интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Алайда бұл жүйеде адамның психологиясын бұзатын, мәдени, тәрбие және діни құндылықты жоятын нәрселердің бірі.


Негізгі бөлім
Қай қазақ болса да баласы компьютерді тез үйреніп алып, өркениеттің өрге басқан өрен­дерінен қалмайтынын танытса, кәдімгідей марқайып, қуанып қалатыны анық. Тоза­ла­ңы шығып көше таптап, болмаса есірткі мен ішімдікке бейім ортаға түсіп, жанбай жа­­тып өшкенше, баланың үйде, компьютердің алдында отырғанын қай ата-ана жек көр­­­сін. Бұл күні ғылым, тех­ника, білім, тіпті қай саланы алсаңыз да компьютер қызметінсіз елестету мүмкін емес. Олай болса, «еңку-еңку жер шалмай, компьютерді қолға алмай, ерлердің ісі бітпейтін» за­манда баланың бәрін білетін «әулие жәшіктің» алдына байланғанына әке-шешенің қуа­нуы заңды құбылыс. Содан болар бала интернетті шарлаудан немесе өзіне таныс ойы­н­дарды күнде ойнаудан жалығып кетпесін деп компьютерлік ойындардың неше ата­сын үйіп-төгіп әкеп беретін «жомарттары» да жоқ емес. Ата-ананың ішкі пікірін мұндайда «Доп ойнаған тозады, бәрінен де компьютердің құлағында ойнаған озады» дегенге де сый­ғызуға болар еді. Алайда уақыт өте келе компьютер алдында көп отырудың көз жа­нарына, адамның қан айналымына кері әсер ететінін былай қойғанда, ол ойын құралына, он­да да адам жүйкесін бұзатын құмар ойын құралына айналды.

Менің пікірім бойынша тәуелділік,жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден, басқа белсенділіктерден алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұған ең үлкен және зиянды әрекеттердің бірі виртуалды тәуелділік болып табылады. Қазір компьютер және интернет әрбір үй үшін қажеттілік болып саналады. Бірақ семіздікке жол ашатын тамақ жеу қажеттілігі болса, виртуалды тәуелділікке де дұрыс мағұлмат алу және байланыс құралы болып табылатын компьютер себеп болады.

Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технологияның жемістерін пайдалану керек. Бірақ технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізетін зияндарын айтып жеткізу қиын.

Осындай технологияның зиянды жемістерінің біріде интернет болып табылады. Интернет дүниежүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағұлматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағұлматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шыныменде үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда.

Ақпаратты «көзді ашып-жұмғанша» алмастыратын маңызға ие бастапқы интернеттің қазір маңыздылығы арта түсті. Ол — ақпаратты алмастыру құралы ғана емес, БАҚ, бизнес, жарнама, интернет-банкинг және т.б.Біреулер үшін бұл достармен әңгімелесетін, конференция жүргізетін, өзінің хоббиін дамытатын виртуалды өмір болуы мүмкін. Тіпті, қазір «виртуалды тәуелділік» синдромы пайда болды.

Қазір қаланың,ауылдың  кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Онан қалса  теледидардан шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын  тамашалайды. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал  компьютерлік ойын кімге бол­са да қызық кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Тәуелді адамдардың интернетке кіруі немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған сәттерде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бірмезгіл ойын ойнамаса кейін бәрі бір қайтадан ойнауды арттырады.



Қазіргі уақытта жастар, әсіресе ба­ла­лар үшін компьютерлік ойындар – көңіл кө­терудің ең бір кең тараған түрі. Олар ком­пью­тер арқылы виртуалды әлемге кіріп алып, мына өмірден қол үзіп, қиял әлеміне те­реңдеп еніп кетеді. Сондықтан мең-зең күй­ге енген балаларын ата-аналары түсіне ал­май, «баламның компьютер ойын­да­ры­на осынша берілуі жақсылық па, әлде сор ма?» деген сұраққа жауап іздейді. Бұл соң­ғы уақытта қаладағы алты адамның бірінің кө­кейінде жүрген сауал десе де болады. Ке­­йін­гі кезде психологтардан, дәрі­гер­лер­ден кәмелеттік жасқа толар-толмас боз­ба­лалар мен бойжеткендердің ата-аналары кө­бірек кеңес сұрай келетінінің өзі бір пә­ле­нің жақындап қалғанын айғақтай түседі. Ал олар өздерін «аурумын» деп есептемейді. Пси­­­­хологқа, жүйке жүйесін тәуелділіктен са­уықтыратын мамандарға баруға ар­ла­на­ды. Өйткені дені сау адамға «шектен тыс құ­марлыққа беріліп, ауру адамға ай­нал­дым» деп мойындау оңай емес.
Аудандық емханаға барып, ауданымыздың бас психологі Т.Сейсеналиев мырзадан «Негізінен компьютерлік ойынға тә­уелді болып қалатын адамдардың мінез-құл­қы мен әдеттеріне тоқтала кетсеңіз»,- деген сауал қойдым.

- Компьютерлік ойындардың негізгі түрі —  атыс-шабыс, төбелес. Бұл  алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды. Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан басталады. Бірақ бұндай кезде баланы компьютерге жақындатуға  мүлде болмайды. Әдет­те компьютерлік ойындардан арқан­дау­лы бұзаудай шыр айналып шыға ал­май қа­ла­тын­дар өзіне сенімсіз, жалтақ, жуас, жеке жү­­ретін бұйығы балалар. Ол ай­н­ала­сын­да­ғы адамдардан дос таппай, іш­тей өзін жал­ғыз, қорғансыз, керексіз се­­зі­нетіндіктен ол қо­ғамнан оқшауланып, өзі­нің әлемін – вир­туал­ды әлемді ашады. Вир­туалды әлем шын мә­нінде жоқ, ил­лю­зия­лық дүние бол­ға­ны­мен, ол сол ғажайып ға­ламда «өмір сүреді». Сон­дай-ақ ком­пью­тер­лік ойындарға тә­уел­ділік бойында құ­мар­паздық, еліктегіштік, өз еркін билеу дә­ре­жесі төмен мінез-құлқы тән адамдарды тез меңдейді. Бұл кесел, әсіресе ба­ла­лар­дың өтпелі кезеңінде тез жабысады. Өйт­ке­ні бұл кезеңде ол ата-анасының кейбір шек­теулерімен келіспей, ер жеткендігін мо­йындатқысы келіп, өзінше әрекет етуге ұм­тылатын уақыты. Сөйтіп, ол ата-анасы қол сұға бермейтін әлгі жұмбақ әлемге кі­ріп алып, содан шыққысы келмейді. Ком­пью­терлік ойындардағы бәрін қиратып, түп ор­нымен жоқ қылып жібере алатын, бәрі қо­лынан келетін ғажап күші бар, ержүрек ба­тырдың кейпіне еніп алған ойын­шы өзін кек алушы, билеуші, билік ай­ту­шы, не іс­­тесе де өзі білетін еркін адам ре­тін­де се­зі­не­ді. Ойыншы компьютерлік ойын­­да «бас ба­т­ыр» ретінде қиратып, өртеп, ұрып жығып же­ңіске жеткен сайын ад­ре­на­лині кө­те­рі­ле - көтеріле ол көтерілмей қал­са, өзін жа­ман сезінетін ауруға тап бо­ла­ды. Сон­­дық­тан ол енді күнделікті осы ойын­нан ад­ре­на­линнің қанындағы өз­герістері болып тұ­руы үшін әлгіндей ойынға құмарланып, із­деп тұратын болады.Кейде компьютерлік ойы­ннан апталап, айлап бас көтермейтін жас­тар шынайы өмір мен компьютердегі қиял әлеміндегі өмір екеуінің ара жігін ажы­рата алмайтын да жағдайға тап болып, сү­йік­­ті ойындарында басты кейіпкер кісі өл­ті­рушілер, басқыншылар, басқа пла­не­та­лық­тар, жындар, шайтандар болса, ойын­дағы қатыгездікті өмірде де жасағысы ке­леді. Бұл – жастарды кісі өлтіріп, тонап, өр­теп жіберуге итермелейтін тағы бір пси­хо­логиялық фактор.Әрине, компьютерлік ойынның бәрі бір­дей зиянды деуден аулақпын. Алайда сол қарапайым ғана ойын қай кезде қа­ты­гездікке бастайды немесе адамды дертке ду­шар қылатын ауруға ұласады. Бастапқыда компьютерлік ойын кімге бол­са да қызық тәрізді. Барған сайын өзіне тар­та түседі. Бұл – қалыпты нәрсе. Біраз адам­дар осымен ғана шектеледі. Ал екінші топ өзінің бүкіл бос уақытын осы ком­пью­тер­лік ойындарға сарп етеді. Қолы қалт ете қал­са, виртуалды әлемге еніп кеткісі келіп тұ­рады. Ал ауруға айналған кез деп адам мы­на өмірден қол үзіп, өзінің орнын тап­пай, ешкіммен байланысқа түспей, томаға тұ­йықталып, бүкіл уақытын тек ойынға ар­наған кезді айтуға болады. Егер ком­пью­тер ойындарына құмарлықты шектеуге ке­ң- ес берсеңіз, ол өзін жайсыз сезініп, ай­на­ла­сындағылармен жанжалдасуға дейін ба­ра­д­ы. Осыдан барып компьютерлік ойынға тә­уелділік деген ауру оны дендеп алады – деді психолог.

Бұған қоса соңғы кезде mali-агент жүйесімен тілдесу оқушылардың сүйікті ісіне айналды. «Майл. ру агент», «Мобильді агент». «Мой мир». Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Ғайыптан тайып, «сеть» жоқ болып қалса, не телефонындағы бірлігі бітіп қалса, болмаса, қуат көзі таусылып қалса, бейнебір дүниеден бөлініп жалғыз қалған хал кешіп, көңілі нілдей бұзылып, жынынан айырылған бақсыдай сенделіп кетеді. Осылайша «жұртта қалған» жасөспірім үйдің бұрыш-бұрышын қуалап, «сеть» іздейді, қалай «онлайн» жүйесіне кіреді, солай көзі бал-бұл жайнап, қашқан берекесін қайта табады. Мail.ru Агент – онлайн жүйесінде қарым-қатынас жасауға арналған ең танымал ресейлік бағдарлама.Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны  2 млн.адам қолданады екен.Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы.  Түсініктірек айтсақ, интернет желісіне қосылған кез келген адам осы м-агент арқылы әлемнің түкпір-түкпірімен көп шығындалмай-ақ байланыс жасап, тіпті монитордың төбесіндегі камера арқылы тікелей сөйлесе де алады. Ол үшін Мail.ru сайтына тіркеліп, өз поштаңызды ашып алсаңыз, жеткілікті. «Мой мир» деген тағы бір жоба бар. Яғни сіз сайтқа тіркеліп, осы сайттың қазақша аудармасының деңгейінде сөйлесек, өз суретіңізді «жүктейсіз». Сосын өзіңіз туралы ақпараттарды толтырып жазып қоясыз. Интернеттегі осы бет сіздің «әлеміңіз» болып шығады. Бұл «әлемге» кімді кіргізу, кімді кіргізбеу тек өз еркіңізде. Осы «әлемде» жүздеген достар тауып алуға болады. «М-агент» электронды пошта мен «Мой мирдің» баласы сияқты. Таныс адамыңыздың поштасын білсеңіз, оның «әлемін» де, «агентін» де тауып алуға болады.Бұл жобалар — интернеттің жемісі. Ал қандай да бір жеміс аузы-мұрнынан шыққанша емес,  дәмін алып жегенде ғана пайдалы. Бұл жобаның қай-қайсысының да пайдасы бар. Соның ішінде м-агент «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу» үшін таптырмайтын жоба болып есептеледі. Америкадағы досыңызбен сөйлескіңіз келсе, агентіңізді қосып алыңыз да, сөйлесе беріңіз… Ауылдағы құрдастарды сағындыңыз ба, агентіңізді қосып алыңыз да сағынышыңызды басыңыз. Біреудің телефонына хабарлама жіберуге бірлігіңіз жетпей ме, компьютер арқылы агентке кіріп, телефон нөмірін теріп, хабарлама жаза салыңыз, болмаса, бір адамға хабарлама жазуға кететін ақшаңызды мобильді агентке кіру үшін жұмсап, ондаған адаммен сөйлесіңіз. Тіпті, бір ғажабы, жұмыс орныңызда, не сабақта  отырып, м-агент арқылы болашақ жарыңызды да тауып алуға болады…М-агент арқылы танысып, бақытты болып кетіп жатқан отбасылар көп.Бұлардың бәрі жақсы-ау, бірақ агентті пайдаланушылардың көбі өз-өзіне бақылау жасай алмай, осы агент деген құрғырдың құлына айналып бара жатыр. Әсіресе, мектеп оқушылары, студенттер, жастар. Осы ауруға шалдыққан адамдардың көрген күнінен ақпарат көзінен алынған ақпаратқа мысал келтірсем:

… Тағы да таң атты. Ұйқым қанбай қалыпты. Таңғы төртке дейін ұялы телефоннан мобильді агентке кірдім. Менен басқа да бірнеше адамның агентте отырғанын көріп, қатты қуанып кеттім. Түніменен әңгіме айттық. Телефондағы агентті қалай сөндіргенім есімде жоқ, ұйықтап кетіппін.

Таңертең телефонымды жастығымның қасынан тауып алдым. Апыл-ғұпыл киіндім де, жұмысқа қарай шықтым. Автобус жұмысқа дейін біраз уақыт жүреді. Жұмысқа барғанша ермек болсын деп, телефонымнан тағы да агентке кірдім. Кеше түнде сөйлескен адамдар агентте әлі отыр екен. Бәрі жапа-тармағай: «Кеше кайда кетип калдын? Ундемей кетип қалдын гой…» деген бірдеңелерді үздіксіз жазып жатыр. (Олай жазатын себебі телефон пернелерінде қазақтың төл әріптері жоқ). Асықпай отырып барлығына жауап жаздым. Қасыма бір әже келіп тұрды. Орын бергенім жоқ. Қазір тұрып тұрсам, агентпен сөйлесуге өте ыңғайсыз болады.

Жұмыстың қасындағы үлкен жолдан өте бергенде бір көлік соншалықты жанұшырған дауыспен сигнал берді. Жүрегім ұшып кете жаздады. Мені басып кетуге қалған, ал мен алаңсыз телефондағы агентпен әлі сөйлесіп келе жатырмын.

Жұмысқа келіп, бірдеңеден қалып бара жатқандай дереу компьютерімді қосып, майл ру агенке кірдім. Телефоннан хабарлама жазған ыңғайсыз, клавиатурасы кішкентай болғандықтан, көп уақытты алады. Компьютерден жазған жақсы. Компьютердегі агентті қосуым мұң екен, алдымнан бір көкжиек ашылғандай, тынысым кеңейіп сала берді. Таныстарымның көпшілігі «жасыл» болып тұр. Бұл олар агентте, яғни байланыста отыр деген сөз. Әлгі маған сөзімен ұнап қалған әдемі қыз… «қызыл» боп тұр, яғни сөніп тұр, агентке әлі қосыла қоймапты. Жұмысқа келмеді ме екен әлі, әлде… менімен сөйлескісі келмей, «невидим» қылып қойды ма, а? Осыны ойлауым мұң екен, ішім әлем-тапырық болып, қатты қиналып кеттім. Қайда ол қыз? Құдай-ау, қайдасың, Покорительница Сердец! Оның аты осындай. Шын атын білмеймін. Атында тұрған не бар, құрысыншы…

Ол қыз байланысқа шыққанша «Мой мирымды» қарап алайын дедім. Мәссаған… әлгі қыз маған «қонақ» боп кетіпті таңғы сағат төртте. Жүрегім атқақтап кетті. Қара түнге дейін мені ойлаған-ау, сірә…

Алдымда жұмыс үйіліп жатыр. Бастығым кеше «жұмыс жасамайсыңдар» деп қатты сөкті. Кеше жұмыс жасауға қолым тимеді. Агентпен сөйлестім. Үйде де бірталай шаруалар мені күтіп тұр.

«Әлгі мен берген қағазды бітірдің бе?». Бастығыма бұрылып, «қазір» деп, монитордың бетіне қайта бұрылсам, әлгі қыз… «жасыл» болып тұр. Демімді бір терең алдым-ау… «Салем, калайсын? Денсаулык калай? Сени кутип отыр едим манадан бери» деп бір жазып жібердім. «Жумыска кешигип келдим. Уйыктап калыппын» дейді. Содан әңгіменің тиегі ағытылып кетті дейсің. Бір қарасам, сағат бестен он жеті минут кетіпті. Жұмыс бітуге қырық үш минут қалған. Аяқ астынан ұятым оянып, ана қызға сау бол деп айтып, бастықтың берген тапсырмасын орындауға кірістім. Асығыстықтан шығар, құжатта қате жіберіп алыппын. Бастығым қатты ренжіді. Өз-өзімді әрең тежеп, ендігі жерде агентке кірмеймін деп уәде бердім. Үйге келіп, телефонды лақтыра салып, бітпей тұрған бірталай жұмыстарымды жасадым. Бірақ қолым қайта-қайта телефонға қарай кетіп қала береді. Ана виртуалды, қазақша айтқанда, жалған әлемде бір қызық болып жатқандай, сол қызықтан мен құр қалып қойғандай беймаза күйдемін. Үйдің ішінде сенделіп, көңілімді қуантатындай қызықты шаруа таппай қойдым. Неткен көңілсіз тірлік…

Кенет… телефонға хабарлама келді. «Агентке кирсенши, не истеп жатырсын?». Менің жалған өмірдегі жалған достарым шақырып жатыр. Бастығым бұйырып тұрғандай, ай-шайға қарамай, телефонды қолыма алдым… Уфф!! Сөйтсем, манағы Покорительница Сердец деген бір еріккен жігіт болып шықты… [1]

Бұл бір адамның мысалы ғана. Мұндайлар қаншама. Қазір балалардың көбі сабақ оқуды қойды. Мектеп оқушыларының қолында бір-бір мобильді телефоннан. Тақтада мұғалім бар ынтасымен сабақ түсіндіріп жатса,бастауыш кластың оқушыларынан бастап партаның астына телефонын жасырып, қыздарға хат жазып отырады. Телефоннан м-агентке кіріп, оқытушының айтып жатқанын құлағына да ілмейтіні қанша? Таңертең көзін тырнап ашқаннан кеш бақтанша, тіпті түн қоюланғанша телефоннан агентке кіріп отыратын жастар бар. Жақында бір көршілес мектептегі танитын Қ.Б. есімді баланың ауруханаға түскенін естідім. Сұрастырып қарасам, ұйқысыздықтан, демалмағаннан болған ауру, қысқасы «сұрап алған ауру» екен. Бұл әлемдегі интернетке тәуелділік ауруына немесе м-агенттің құлына айналып, шалдыққан мыңдаған адамның бір көрінісі ғана.Осыларға байланысты өзім білетін виртуалды әлемнің ең «белсенді» қолданушыларымен әңгімелестім.



Нұрлан Сағынтайұлы, корректор: – Тәулігіне 16 сағат агентте, интернетте отыру мен үшін үйреншікті жағдайға айналған. Жұмыс күндері бір уақытта 80-90 танысыммен хабарласуға мүмкіндік бар.Жұмысыма қажет материал іздеуді сылтау етіп виртуалды әлемге кіріп, ойын ойнап,агенттте отырып,жұмыс уақытының бітіп қалғанында байқамай қаламын. Кейде достарым мені «интернеттің тұрақты тұрғыны», «агент ғылымдарының кандидаты» деп қалжыңдап жатады. Бұл бағдарламаның өз құдіреті бар. Соны ұқтым. Кейде белгілі бір себептермен агентке кіре алмай қалсам, өзімді адам баласы аяқ баспаған аралда жалғыз қалғандай сезінем. Әзірше бұдан бас тарту мен үшін қиынның қиыны боп тұр.

Назерке Ахмет студент:– Агентте күніне 7-8 сағаттан көп отырамын. Түнімен көз ілмей, таңды атырған кездерім де болған. Кезекте тұрғанда, қоғамдық көліктерде немесе жалықтырар бас қосуларда агент – таптырмайтын ермек. Бірақ оқуыма көп кедергі келтіреді. Бір күн қолданбасам, бірдеңеден құр қалғандай боламын. Көңіл-күйім нілдей бұзылып, не істерімді білмей жүремін.

Ермек Сапиев мектеп оқушысы:Бұл агент мен үшін есірткі секілді. Аз уақыт қолданбасам, бірдеңе жетіспей тұрғандай болады. Қазір мен үшін сабақтан бұрын, агент алдыңғы кезекке шыққан. Бұның дұрыс емес екенін білем, бірақ қолымнан ештеңе келер емес. Біртүрлі мінез-құлқым да өзгергендей. Телефоныма шұқшиям да отырам, тіпті кейде біреу маған сөйлеп, сұрақ қойып жатса да мән бермей қалам.ҰБТ-ға дайындалып отырып, телефоныма хабарлама келгендігі туралы сигнал түссе болды,тастай салып сонымен әуре болып отырамын. Ата – анам сынып жетекшімнің ескертуінен кейін,интернетті ажыратып,телефонымды тартып алғанда, ол әлемде бір қызық болып жатқандай, сол қызықтан мен құр қалып қойғандай беймаза күй кешіп жүрмін, - деді.

Әрине, үстірт қараған кісіге осыған бола дабыл қағудың реті жоқтай көрінеді. Рас, бұл жерде ешкімді кінәлай алмаймыз, себебі ол адамның өзіне байланысты. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызғанға» агенттің пайдасы зор екенін жоққа шығармаймын. Дегенмен оның да шегі болғаны дұрыс.

Еліміздің президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2030»: алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек» атты халықаралық конференцияда «2009 жылдың аяғына дейін Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылар саны 1 млн. 800 мың адамға жетсе, ал 2010 жылы олардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі», — деп мәлім етті. Сонымен қатар, Елбасының айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін еліміздің 2000 мектебі Интернет желісіне қосылады. «Бұл интерактивті оқыту әдісін кеңінен пайдалануға және біздің балаларымыздың білім алу сапасын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді», — деген сенімде Президент.

1984 жылы интернетке тек 1000 компьютер ғана қосылған еді. Ал 16 жылдан соң олардың саны 90 миллионға жеткен. Егер радио мен интернетті пайдаланушылар санының өсу жылдамдығын салыстыратын болсақ, мынаны байқаймыз: радио құрылғаннан кейінгі 38 жыл ішінде оны қолданушылар саны 50 миллионға жеткен, ал интернет үшін осындай межеге жетуге бас-аяғы 4 жыл қажет болды.

Әрине, интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Алайда, бұл жүйеде адамның психологиясын бұзатын, мәдени, тәрбие және діни құндылықтарды жоятын нәрселер де бар.

Интернеттегі хат жазысу жағдайлары өздерін басқа біреудің атынан таныстыратын жаман ниетті адамдар тарапынан ақша алу үшін тиімді себеп алысулардың салдары отбасының ыдырауына дейін әкеліп соғатындығы да мәлім. Интернетте темекі, есірткі және ішімдік базарлары да бар. Бұл базарда біреулер зиянға ұшыраса, басқалар пайда тауып жатады. Бірақ осыны біле тұра, бәрібір бұл қорқынышты жағдайға адамдар құрбан болуда және көпшілік үнсіз соны көруде.

Парламент депутаты Майра Айсина Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депуттаттық сауал жолдаған болатын. Онда еліміздегі компьютерлік клубтар жұмысына қадаға­лау енгізу керектігі жөнінде айтылған. «Компьютерлік клубтарға баратын 12-13 жастағы мектеп оқушыларының 80 пайызында физиологиялық биоритмдердің бұзылуы байқалады, олардың 10 па­йызында жүйке күйзелуі, әрбір бесіншісінде бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, әрбір үшіншісінде көз көруінің нашарлауы бар» деген дерек­тер келтірген. Елімізде 698 компьютерлік клуб бар екен, олардың 51-і тәулік бойы, қалған­дары күнделікті сағат 10.00-24.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл клубтарға күніне 7500-ден аса бала барады. Бұл психиатрлар мен наркологтардың республикалық ғылыми-практикалық орталығының және балалар құқық­тарын қорғау жөніндегі комитеттің зерттеу жұмыстары кезінде анықталған. [2]

Калифорниялық бір ер кісі Online-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы интернеттің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін интернетте отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен интернеттен көп достар таптым. ”

Жоғарыда аталып өткен оқиға Интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді

Себебі неде? Симптомдары қандай? сынды сұрақтарға жауап іздедім.

Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.


Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша  1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD)  жақтаушылар.  Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша  мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған.  Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.Ал екінші жақтың өкілдері  Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі, ауруға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.

Bernad Batinic, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті)  өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар.  Өздерін интернет  пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе   интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар.  Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”.  Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына  сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден  алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылаған. [3]



Себептері. Интернет пен онымен тығыз байланыстағы адам қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттармен көбінесе өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеуметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады.  Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық.  Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар Интернет арқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады.

Симптомдары.Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:

  • Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру;

  • Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру);

  • Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);

  • Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру;

  • Интернетте отыруды әдетке айналдыру;

  • Компьютерді аппараттық, программалық жабдықтауға көп ақша жұмсау;

  • Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің  қозуы;

  • Кофе мен түрлі психостимуляторларға сүйену;

  • Уақытынан асырып, кездейсоқ және біртүрлі тамақтармен тамақтануды қанағат ету;

  • Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;

  • Өзінің денсаулығын, тазалығын, ұйқысын компьютермен бөлісуі;

Сондай-ақ, компьютердің алдында  шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  • Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;

  • Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;

  • Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;

  • Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.

Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:

  • Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі;

  • Шынайы өмірден алшақтап кету;

  • Іс-әректі мен мінезінің құбылуы;

  • Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары);

  • Жұмыстан айырылу және кедейлене бастау.

Осындай кері әсерлердің алдын алу мақсатында өзім бастап, біздің мектептегі «Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігі мен оқушылар парламенті қостап, мектеп оқушыларына, Қазақстан балаларының назарына Үндеу жолдап (сурет1), мектебімізде
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет