Төлегенов Абылай ІX сынып Виртуалды тәуелділік. Себептері,салдары, ұсыныстар Бағыты



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі1,15 Mb.
#34104
1   2   3
«Шынайы әлемнің қызықтары» атты акция өткіздік.Ондағы мақсатымыз: «Балалардың бос уақытын тиімді пайдалана білуге, білімге саналы көзқарасты қалыптастыру. Міндетіміз: Құқық бұзушылықтың алдын-алу,уақытты үнемдей білуге үйрету,ата-ананың бала тәрбиесіндегі, баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігін ұғындыру болатын. Онда «Біз балаларымыздың нені көріп, нені оқитынын білеміз бе?» тақырыбында ата-ана,сынып жиналыстары өткізіліп, сауалнама жүргіздік. Сауалнамада :

  • Балаларыңыздың немен айналысатынын білесіз бе?

  • Бос уақытын қалай өткізеді?

  • Күн режимі жасалған ба?

  • Телидидардан қандай бағдарламаларды қарайтынын білесіз бе?

  • Көрген киноларды бірге талдайсыздар ма?

  • Үйде компьютер бар ма, интернет желісіне қосылған ба?

  • Компьютерде көп отыра ма, уақыт шектейсіз бе? Қандай нәрселерді қарайтынын білесіз бе?

  • Кітап оқи ма, оқыса қандай әдебиеттер?

  • Ұялы телефоны бар ма? Оның ішінде не бар екенін білесіз бе?

  • Бос уақытында кіммен жүретінін білесіз бе? - деген сауалдар қойылды.

Сауалнама нәтижесін саралағанда балалардың дені бос уақыттарын компьютер алдында өткізетінін, шектеу қоятындары ¾ бөлігі ғана болды. Бұдан шығатын түйін балаларымызға виртуалды әлемде өмір сүруіне оңай жол салып отырғанымыз.(график1) Мектеп оқушылары арасында өткізілген «Интернетке тәуелділік дәрежесін анықтау» тестісіне сараптама жасағанда бастауыш буындағы оқушылар компьютерді ойнау мақсатында,орта буындағы оқушылар сабаққа қажетті мәлімет алу үшін,ал жоғарғы буын оқушылары сайттардан ләззат алу мақсатында қолданатындықтарын байқадық. (график 2)

Жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге асыру үшін «Үздік дизайнер» атты байқау өтті. Онда оқушылар өз қолдарынан жасаған түрлі бұйымдарын таныстырып, оқушыларға көрме ұйымдастырды.Сауықтыру орталығы ата-аналармен біріктіріп «Толағай» спорттық сайысын өткізді. Мәдени эстетикалық орталығы «Екі жұлдыз» сазды-әуенді байқауын ұйымдастырды. Мектеп мұғалімі мен оқушысы арасында жұп құрылып, 80 жылдардағы әндерді тамаша орындады. Бұл акцияға «Өзін - өзі басқару» орталығыда өз үлестерін қосты. Орталық сыныптар арасында түрлі тақырыптар бойынша әр тоқсан аяғында «Жұлдыз» КТК байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. Бұл жолғы тақырып «Интернет және мен» болды. Оқушылардың байқауға дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Акция соңында «Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігі мен оқушылар парламенті болып ата-аналар мен оқушыларға виртуалды әлемнің кеселі мен кеңесі жазылған жаднама тараттық. (Сурет 2,3)

Ком­пью­тер ба­сында үнемі отыра беру – адам­ның жүй­ке­сін бұзып, бас, тері аурулары, қан кө­те­рі­луі, асқазан жарасы, тағы да бас­қа кесел­дер­ге апарып соғады. Сон­дық­тан ком­пью­терге тәуелді адам­дар­ды төмендегідей жол­мен емдеген тиімді деп есептеймін:

– Ең алдымен, компьютерге тым әуес болса, оның бұл әдетін жаман әдет қа­тарына жатқызбаудан аулақ болыңыз. Өйт­кені көптеген адамдар «балам ішімдік іш­пейді, шылым шекпейді, есірткіге жо­ла­майды, ал ком­­пью­терге құмарлығы ке­йін есейгенде қалады» деп ойлайды.

– Компьютерден өзге досы жоқ болса, оның неге осылай оқшауланып бара жатқанын зерттеуге тырысу керек

– Бозбала бір жағынан тәуелсіздікке ұм­­тылатынын, екінші жағынан ата-ана­сы­ның қолдауына мұқтаж екенін, осы сәтте олар­дың ата-ана қоятын шектеуден шығып кет­кісі келіп тұратынын, алайда онсыз өмір сүре де алмайтыны түсініп, бірде жі­бе­ріп, бірде тартып дегендей тәрбиелеп отыру керек.

– Баламен әңгімелесу әдебін өз­гер­ту. Зекімеу. Жан дүниесін түсініп, от­басында бала мен ата-ана арасындағы та­ту­­лық, сенім орнату. Көңіл бөлу деген сөз оның күндіз не істеп, не ішіп, не жегенін сұ­­рау ғана емес, баланы асықпай тыңдап, оның реніші мен қуанышын да бөлісе білу.Гигиеналық талаптарға сәйкес 7-10 жас­­та­ғы бала компьютердің алдында кү­ні­не 45 ми­нуттан, 11-13 жастағы бала кү­ні­не 45 ми­нутт­ан екі рет, ал одан ересек ба­ла кү­ніне үш реттен артық отырмауын қадағалау.

Бұл әдеттен басқа жаман әдеттердей қолға алынып емделуі қажет. Қоғамдық ұйымдар біліммен, үгіттеумен адамдарды бұл қауіпті жолдарға түсуден сақтап қалу үшін іс-шаралар жасауымыз керек.Бұлардың ең маңыздысы интернеттегі зиянды сайттардың қадағалануы болып табылады. Жастарға мұндай сайттарға кірмеулерін айтып, мүмкіндігінше кіру жолдарын жабу және оларға бұл әдеттен құтылулары үшін көмектесу керек.Өйткені, қоғамымыздағы жалпы тәрбие түсінігімізге қайшы келетін жағдайлардың әсерінен адамдардың психологиясы бұзылып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін әкеліп соғуда. Сондықтан, жастардың бұндай сайттарға кірмеулерін қадағалау, адамдарға әрдайым бұл жөнінде дұрыс мағлұмат беру қажет.

Жылдам ақпараттану шағында өмір сүрудеміз. Үйіңізден Канададағы бір адаммен немесе Қытайдағы адаммен сөйлесе аласыз, саусағыңыздын ұшындағы түймелердің көмегімен көптеген мағлұматтар ала аласыз. Мынадай дүниеде кинотеатрдан, теледидардан өз мәдениеттерін көрсете алмаған, өз құндылықтарымен ұрпақтарын тәрбиелей алмаған халықтардың ассимиляцияға ұшырауы әбден мүмкін. Компьютерде қолданылатын бүкіл деректер, әсіресе ойын СД-лері өз мәдениетіңізге сай ерекшеліктерді көрсетпей, қаталдық пен тәрбиесіздікті үйрететін болса, өз үйімізде жат болып өсудеміз. Сондықтан виртуалды дүниені тәрбие, ұлттық, адамдық құдылықтарға сай түрде жасауымыз керек. Бұл саладағы кемшілікті шағыммен емес, құндылықтарымызға сай еңбек шығару арқылы толықтыра алатындығымызды естен шығармайық дегім келеді.

Осыған орай, менің жасөспірімдерге ұсынысым :



  • «Шынайы әлемнің» саналуандығын сезін

  • Компьютерді тек бір мақсатқа жетудің құралы ретінде қабылда

  • Өмірлік өз ой-пікіріңді , мақсатыңды анықтай біл

  • Шынайы өмірде де түрлі қызықтар бар екенін ұмыт па

  • Уақытыңды құр өткізбе, спортпен, пайдалы іспен шұғылдан, келешекке үлесіңді қос.

  • Уақытыңды тиімді пайдалануға тырыс (демалу, достарың мен кездесу,білім алу)

  • Өмір – қозғалыс екенін ұмытпа!

Ал, халық қалаулыларына ұсынысым:

  • Қазақстандағы компьютерлік клубтардың қызметін тұрақты есепке алып отырса

  • Компьютерлік клубтардың жұмыс тәртібін реттеп, ондағы ойындардың мазмұнына талдау жасаса

  • Қатыгездікті,зұлымдықты насихаттайтын бағдарламалар- ды шығаруға шек қойылса

  • Ұлттық араздық тудыратын немесе тәрбиеге жат мәндегі барлық материалдар сүзгіден өткізіліп отырса

  • Интернеттегі зиянды,қатерлі сайттарды қатаң қадағалайтын заң шығарылса

Адамдарды, әсіресе, балалар мен жастарды зиянды әдеттерден қорғау үшін бос уақыттарын пайдалы жұмыстармен қамтамасыз ету шарт. Ол үшін әр жердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей саябақтар мен демалыс орындарын, ойын-сауық орталықтары мен спорт кешендерін салу қажет. Жастардың және жұмыссыз адамдардың мамандық иесі болуын қамтамасыз ететін білім беру орталықтары, оқушылардың, маман иелерінің зерттеу жұмыстарына мүмкіндік туғызатын кітапханалар мен зертханалар ашылса деймін.


Сурет 1 (Балаларға үндеу)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет