«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет31/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
1.34-сурет. Негізгі КККНТ-дің құрылысының сызбанұсқасы: а - «орыс қаптамасы», 6 - рулон тәрізді, в - «папье-маше»

Нанотүтіктердің қабаттарының құрылымының кеңестіктік сәйкестігі, яғни 0,34 нм-ге жақын қабатаралық арақашықтықтың сақталуы тек қабаттан қабатқа өткенде хиральді бұрышы өзгерген жағдайда ғана мүмкін. Нанотүтікшелердің құрылымының ерекшелігі - олардың материалдар ретінде қолданылуын анықтайды, синтез кезінде құрылымы бойынша әртүрлі нанотүтікшелер алынады.

Көп жағдайларда нанотүтікшелердің ұшы алтыбұрыштармен қатар көміртегі атомдарының конфигурациясының орнықтылығы төмендеу бесбұрыштары бар конусты және жартылай сфералық жабындарымен жабылған. Бұл «қалпақтар» қапталындағы жазықтықтарға қарағанда, жоғарырак химиялық активтілік көрсетеді. Жартылай сфералық «қалпақтар» фуллерен молекулаларының бөліктері сияқты болады. Салыстырмалы түрде жиі бөлінетін нанотүтікшелер (10.10) ұштарында сфералық С240 фуллереннің жартысынан тұратын «қалпактары» болады.

Көптеген жағдайларда көміртекті нанотүтікшелердің синтезі көміртегінің басқа модификациялары: фуллерендер, нанобөлшектер, аморфты көміртегі түзілуімен қатар жүреді. Қоспалар мен нанотүтікшелер шығу қатынасы синтез жағдайларымен анықталады. Сондықтан қоспадан тазалау нанотүтікшелер синтезінің маңызды мәселесі болып табылады. Жаңа функционалды және конструкциялық материалды алудың үлкен саласы көміртекті нанотүтікшелердің көмегімен түрлендіру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет