«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет61/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

3.2.2. Көміртекті будың конденсациясы

Нанотүтікшелерді алудың келесі әдісін 1992 жылы Леонид Чернозатонский жетекшілігімен Ресейдің Ғылым академиясының бір топ ғалымдары ашты. Бұл зерттеушілер жоғары вакуумде (10% торр) графитті буландыру үшін электрон шоғырын пайдаланған және табақшада конденсирленген материалды жинаған, мысалы, кварц. Нәтижесінде мұндай тұндырылған материал көп мөлшерде ұзартылған талшықтар жиынтығынан тұратыны анықталды, авторлар жорамалы бойынша бұл көміртекті нанотүтікшелер болды. Жоғары мүмкіндікті сканирлеуші элертронды микроскопия конденсирленген табақшада көпқатпарлы нанотүтікшелер бар екенін анықтады.

Бу конденсациясы кезінде нанотүтікшелерді алуды Гавай университетінің ғалымдары Маохуа Ге және Клаус Саттлер де зерттеген. Олардың жағдайында көміртекті фольганы резистивті қыздыру арқылы көміртек буын алды және алынған бу 10% торр вакуумде жаңадан үгілген жоғары бағытталған пиролиздік графитке отырғызылды. Осы әдіспен көпқабатты да, бір қабатты да нанотүтікшелерді алуға болады. 1995 жылы Раис Университетінің Смолли тобы пеште лазерлі буландыру аркылы көміртекті нанотүтікшелерді синтездеуге болатынын баяндады (3.14-сурет).



3.14-сурет. Смолли тобының пеште лазерлі буландыру арқылы нанотүтікшелер мен нанобөлшектерді алуға арналған қондырғының сызбанұсқасы

Тасымалдаушы газ рөлін гелий немесе аргон атқарды, ал пештің температурасы 1200%С аймағында болды. Конденсирленген материал сызбанұсқада көрсетілгендей, сым табақшада жиналды және оның құрамында көп мөлшерде жоғары графиттелген және құрылымы жақсы жетілген нанотүтікшелер және нанобөлшектер бар екені анықталды. Смоллидің жұмыстарын одан әрі жалғастыру нәтижесінде пеште лазерлі буландыру барысында бірқабатты нанотүтікшелердің шығымы өте көп мөлшерде болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет