1.10-сурет. Қорғасын кластерлерінің масс-спектрі
массаның иондар саны кластердегі атомдар санының функциясы ретінде көрсетілген. Бұл мәліметтерден 7 және 10 атомнан тұратын кластерлер мүмкіндігі жоғары екендігін көруге болады. Бұл осындай өлшемді кластерлердің басқа кластерлерден тұрақтырақ екендігін көрсетеді.
1.11 а-суретте атомдардың иондану потенциалы мен олардың
атомдық номеріне Z тәуелділігі көрсетілген. Иондану потенциа-
лы дегеніміз атомның сыртқы қабатындағы электронды жұлып
әкетуге қажетті энергия. Асыл газдар 2Нe, 10Ne, 18Ar атомдарыныңs және р орбитальдары толтырылғандықтан иондану потенциалдары максималды болады. 1.11 б-суретте натрий кластерінің иондану 'потенциалының құрамындағы атомдар санына тәуелділігікөрсетілген.
Тәуелділікте шыңдар екі және сегіз атомдары бар кластерде
байқалады. Бұл сандарды электронды магиялық сандар деп атай-
д ы. Бұлардың болуы кластерлерді суператомдар ретінде қарастыруғамүмкіндік берді және
1.11-сурет. (а)- оқшауланған атомдардың иондану потенциалының олардың атомдық нөміріне Z тәуелділігі. Натрий атомының иондану энергиясы 5,14 эВ. (б)- Натрий нанобөлшектерінің иондану потенциалының кластердегі атомдар санына тәуелділігі.
осының нәтижесінде кластерлер үшін «желемоделі» пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |