«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Биосенсорлар жасанды кірпікшелерді қолданады



бет125/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

7.8. Биосенсорлар жасанды кірпікшелерді қолданады

Оңтүстік Миссисипи Университетінің ғалымдары табиғаттың бірегей туындысын қайталады - ағзалар оның көмегімен иісті сезетін, көретін, дыбыстарды еститін және сұйықтықтарды сезетінкірпікшелерге ұқсас жұқа молекулалы «талшықтарды (волоски)» жасады. Жаңа материал шынайы кірпікшелердің толық аналогы болмаса да, жылулық, химиялық және электромагнитті стимуляцияға әсер беріп, нәтижесінде оны ғылым мен техникада қолданудың үлкен мүмкіндігі ашылады.

Кірпікшелер - шаштарға ұқсас микроскопиялық құрылымдар – түрлі ағзаларға ие, мысалы, адам терісінің бетінде болады. Адамдар, жануарлар және бір жасушалы ағзалар кірпікшелерді қоршаған орта туралы ақпарат жинап және оған бейімделу үшін қолданады. Ғалымдар мұндай кірпікшелер аналогтарын қолдануды тәжірибеде жиі қолданады, өйткені олар әмбебап аса сезімтал сенсорлар ретінде үлкен мүмкіндіктерге ие.

Американдық ғалымдар табиғи кірпікшелерді имитациялайтын мұртшаларға ұқсас түзілімдері бар кополимердің (екі және одан да көп мономерлер типтерінен тұратын полимерлі молекула) жаңа жұқа үлпегін өңдеп шығарды. Үлпекті дайындау үшін көптеген жылдар бойы латексті бояулар өндірісінде колданылған үдеріс пайдаланылды.

Полимерлер «шашшалардың» химиялық құрамы олардың температураға, қышқылдыққа және ультракүлгінді сәулеленуге әсер беруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жіптер қозғалуға - иілуге, қысқаруға және кеңеюге қабілетті. Сондай-ақ жасанды кірпікше флуоресценцияға ие, яғни жарықты жұтады және сәулелендіреді, ультракүлгін сәулелер әсерінен түсін өзгертеді (7.7-сурет).

Жаңа кірпікшелі биосенсор ғалымдарға, мысалы, токсиндерді немесе қоршаған ортада оттегінің жетіспеушілігін анықтауға көмектеседі. Болашақта глюкоза деңгейінің, есірткінің бар екенін немесе ауа мен судың сапасын тексерудің детекторларын жасау мүмкін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет