7.6. ДНҚ наносымдары - революциялық сенсорларды жасау жолында жасалған қадам.
Жаклин Бартон басшылығымен Калифорниялық технологиялық институттың (Пасадена) ғалымдары ДНҚ-ы ерекше түрде қолданғысы келеді. Олар ұзындығы бар болғаны 34 нм ДНҚбөліктері электр тоғының жақсы өткізгіштері екенін ашты. Яғни ДНҚ ерекше молекулалық электронды құрылғылар негізін қалауы мүмкін (РИА «Новости» Nature журналына сілтемемен көрсетеді).
Мысалы, ДНҚ-нан жасалған наносымдар электрофизикалық көрсеткіштері бойынша тәжірибеде қолданылуына қажет бірнеше критерийді қанағаттандырады. Негізгі артықшылығы ретінде ғалымдар оларды алу мен молекулалық электронды құрылғы құрылымына енгізу жеңілдігін атап көрсетеді.
Сарапшылар арнайы тәжірибе жүргізуі нәтижесінде олар жазық алтын пластинкаға бекітілген ұзындығы 100 нуклеотид ДНҚ-ның вертикальді бағдарланған тізбектерін алды. Әрбір боліктің бос ұшы ток өткенде көк түспен жарқырайтын боялған молекуламен жабдықталған.
Бұл құрылғыны электролит ерітіндісіне салып, шамалы электр кернеуін бергенде жарқырау байқалады. Бұл электр тоғының ДНҚ наносымы арқылы өткенін көрсетті. Сонымен қатар, ДНҚ қос спираліндегі фосфатты байланыстар тізбектерінің жарым-жартылай үзілуі сияқты бұзылымдар электр өткізгіштігінің азаюына әкелетіндігі анықталды
Әрбір нуклеотид негізін құрайтын азотты негіздер реттілігінің бұзылуы өткізгіштіктің күрт азаюын тудырады. Жаклин Бартон наносымдарды электронды биологиялық сенсорлы құрылғыларда белгілі бір заттарды анықтау үшін қолдануға болады деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |