7.12. Микрореакторлар және биосенсорлар үшін «Наносеріппелер»
Ореон штаты Университетінің ғалымдары «наносеріппелерге» биологиялық молекулаларды «тиеу» жетістігін хабарлады. «Наносеріппелер» - соңғы жылдары жоғары қызығушылық тудырып отыр-ған наноқұрылымдар типі. Бұл олардың микрореакторлар бетінің ауданын максималды арттыру мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Biotechnology Progress журналында жарияланған жаңалық фармацевтикалықпрепараттар, биологиялықсенсорларөндірісінде, биомедицинада және т.б. салалардағы жаңа маңызды нанотехнологиялық қосындыларға жол ашады.
«Наносеріппелер -нанотехнологиядағы жаңа бағыт, өйткеніолар беттің үлкен ауданын түзеді және бір мезгілде сұйықтықтардың еркін қозғалысына кедергі жасамайды», - деп түсіндіреді, Орегон Университетінің химиялық, биологиялық және экологиялық технологиялар мектебінің адъюнит профессоры Кристиан Келли. «Олар ескі спиральді телефон кабельдерінің шағын түріне аздап ұқсайды. Химиялық белсенді катализаторларды орналастыруға арналған үлкен астарлар түзу қабілетіне байланысты наносеріппелер көптеген қолданылыс табуы мүмкін».
Ореона штаты Университетінің ғалымдары «наносеріппелерді» биологиялық молекулалармен толтырды. Бұл жетістік өнеркәсіп пен медицинаның көптеген салаларында қолданыс табуы мүмкін.
Ғалымдар кремний диоксидінен жасалған наносеріппелерге ферменттерді, олар басқа химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар ретінде жұмыс істейтіндей етіп бекітті. Мұндай нанокомплекстерді, мысалы, токсиндерге тез әсер беретін биохимиялық детекторларды жасау үшін колдануға болады. «Мұндай наносеріппелерге биомолекулаларды тиімді және экологиялық қауіпсіз түрде қосу мүмкіндігі түрлі детекторлар, микрореакторлар және басқа да өндірістік қосындылар үшін өте маңызды» - дейді зерттеу жетекшісі Карл Шилк.
Бұл жұмыс Айдахо Университетінің физика кафедрасымен және GoNaNo Technologies Inc. - наносеріппелердің коммерциялық өндірушісімен бірлесіп жасалды. «Микрореакторлар мен биосенсорлар өндірісінің технологияларында табақшаларды өңдеп шығару маңызды бағытқа айналуда. Оларды ферменттермен, антиденелермен және басқа да биомолекулалармен оңай қаптауға болады», -дейді зерттеушілер.
Бұл талаптарға наносеріппелер - буларды беттердің кең спектрінде химиялық тұндыру әдісімен өсірілетін құрылымдар сай келеді.Бұл зерттеу наносеріппелерді микрореакторларға арналған иммобилизацияланған ферменттердің жаңажәне жоғарытиімді тасымалдағышыретінде алғашкы жарияланған қолданысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |