1.26-сурет. Фуллерендерді бөлшектердің сызбалық көрінісі
Көміртектің дөңгелектенген формалары құрамында 60-тан аз және 70-тен көп атомдар болуы мүмкін. Соның ішінде, бүгінде құрамында Сn. n-28, 42, 52, 58, 70, 76, 82, 84, 90, 92, 98, 100, 180, 190, 240, 540 және тіпті 960 көміртек атомдары бар фуллерендер анықталынған. Қазіргі таңда, үлкен көлемде С60 фуллерендерден басқа 70, 76, 78, 82, 84, 90, 94, 96 атомдары бар фуллерендер де синтезделген.
Анықтама бойынша С60фуллерен молекуласы 12 пентагон және 20 гексагоннан құралған, икосаэдрге ұқсас көпбұрыштардың төбелерінде орналаскан көміртегі атомдарынан тұрады (1.27-сурет). Фуллерендер түзетін элементарлы құрылымдардың ұяшықтары - куб, ромб және гексагональ тәрізді болады. Молекуланың 90 қабырғасы бар. Геометриялық құрылымы бойынша төбелері кесілген икосаэдрге сәйкес келеді (1.27-сурет) және ИЮПАК бойынша (С60-1h)|5,6| деп белгіленеді. Дөңгелек жақша ішінде химиялық құрамы мен симметрия тобы, ал квадратты жакшада сақиналардағы атомдар саны көрсетіледі. С60 -тың ішкі түтігінің диаметрі 0,3512 нм, қысқа С-С байланысының ұзындығы (бесбұрыш пен алтыбұрышқа ортақ) 0,1391 нм, ал ұзын С-С байланысының ұзындығы (алтыбұрыштарға ортак) 0,1455 нм құрайды. С60молекуласында бесбұрыштар өзара байланыспайды.
С70- фуллерен 25 алтыбұрыштан және 12 бесбұрыштан тұрады, оны (С70D5h/[5,6] деп белгілейді.С70 - фуллерендер пішіні эллипс («регби добы») тәрізді болады. Кристалдық күйдегі фуллерендерді фуллериттер деп атайды. Әдетте С60 және С70 - фуллерендер деп белгіленетін материалдар фуллерендердің бірнеше түрінің қоспасынан тұрады, олардың құрамында фуллерендердің бір түрі көбірек болады.
1.27-сурет. Икосаэдр (а), төбелерін кесу сызықтары көрсетілген икосаэдр (6), фуллерен (в)
Достарыңызбен бөлісу: |